Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр Ақтоты Райымқұлова Илья Ильинді құттықтады

Министр Ақтоты Райымқұлова Илья Ильинді құттықтады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалған ауыр атлет, 4 дүркін әлем чемпионы Илья Ильинді құттықтады.
«Құрметті Илья Александрович!Сізді Қызылорданың «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!Сіз жоғары спорттық бабыңыз бен еңбекқорлығыңыздың арқасында Егемен Елімізді әлемдік деңгейде мойындатқан шыңдалған шеберсіз. Тау көтерген толағайдай талай додада мерейіңіз үстем түсіп, байрақты бәсекелдерден жүлдесіз қайтпай келесіз. Сіз бағындырған спорттық биік белестер мен табыстар ізіңізден еріп келе жатқан жас зілтеміршілер үшін үлгі.Алдағы уақытта да Сыр өңірінің спорт саласын дамыту жолында қолға алған бастамаларыңызға сәттілік серік болсын. Жаңа қызметте ел абыройын асқақтатар жас дарынды атлеттер шоғырын қалыптастыруға үлес қоса беріңіз!Осынау орайлы сәтті пайдалана отырып, Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметте табыс, отбасыңызға амандық пен ортаймас несібе-дәулет тілеймін!», – делінген Мәдениет және спорт министрінің аталған құттықтау хатында.
Айта кетейік, кеше Илья Ильин Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалған болатын.

12 мамыр 2020 ж. 480 0