Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағандыда Илья Ильиннің қатысуымен қайырымдылық шырша өтті

Қарағандыда Илья Ильиннің қатысуымен қайырымдылық шырша өтті



Қарағанды облысының балалар үйлерінің тәрбиленушілері жаңа жылдық мерекені спорт шебері Илья Ильинмен өткізді.
Балаларды құттықтауға әлем чемпионымен бірге бірнеше зілтемірші келген. Серік Сәпиев атындағы спорт кешенінде өткен қайырымдылық акциясына балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге аз қамтылған және көп балалы отбасыларының бүлдіршіндері де шақырылған.«Мен де ауыр атлетикамен айналысамын. Маған қатты ұнайды. Қыркүйектен бері жаттығып, қазір 120 келі көтере аламын. Бәрі бірден болмайды. Сондықтан, мен мақсатыма жету үшін талаптанып, талпынып жүрмін», - дейді балалар үйінің тәрбиеленушісі Виктор Коваль.
«Спорттың берері көп. Спорт тәрбие береді, тәртіпке шақырады. Жеңіске жетелейтін мінез қалыптастырады. Балаларға өздерінен ұялмай үйреніп, алға ұмтылса деймін. Олардың көздері жанып, жандары жадырап тұр. Бұл, әрине, қуантады», - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин.
Жаңа жылдық шыршаға қазақстандық зілтеміршілер Артем Антропов, Любовь Ковальчук, Әсем Садықовалар да қатысты. Ауыр атлеттер балалармен бірге ертегі тамашалап, естелік суретке түсіп қана қоймай, пайдалы ақыл-кеңестер берді. Жасөспірімдерді дене тәрбиесімен айналысуға, жеңіске ұмтылуға шақырды.
astanatv.kz
26 желтоқсан 2018 ж. 1 091 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930