Бас санитар дәрігер отбасылық отырысқа қай кезде рұқсат берілетінін айтты
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова отбасылық шараларға рұқсат беруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Осы сұрақты жиі қояды. Өкінішке қарай, әзірше ондай шараларға рұқсат жоқ. Себебі коронавирус тез жұғады. Мысалы, кеше ғана осы мәселені талқылағанда аймақтарда болған бірнеше жағдайды еске алдық. Ол жақта шектеуге қарамастан, ауызашар жасалған. Сонда болған адамдардан коронавирус табылған», – деді Есмағамбетов бүгінгі онлайн брифингте.Оның айтуынша, әзірше қонақ шақыру және қонаққа баруға шектеу қала береді. Алайда науқастардың саны азайғанда оны да алып тастайды.
«Ол уақыт келеді. Науқастардың күнделікті өсу қарқыны 2 проценттен төмен болғанда, сосын сырттан келетіндерді санамағанда елдің ішінде науқастардың тіркелуі тоқтаса, отбасылық шараларға рұқсат беріледі», – деп атап көрсетті Есмағамбетова.