Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлшара Әбдіқалықова майдангер әкесі туралы естеліктерімен бөлісті (видео)

Гүлшара Әбдіқалықова майдангер әкесі туралы естеліктерімен бөлісті (видео)

Kyzylorda-news.kz. Биыл әлем Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын қарсы алады. Осыған орай, Қызылорда облысында «Жасампаз ұрпақ» акциясы басталды. Осы акцияда облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова алғашқы болып өзінің майдангер әкесі туралы естеліктерімен бөлісті.
«1941 жылдың жаз айы. Бұл мезгіл мектеп бітіріп, білім ұясынан енді ғана түлеп ұшқан әкем Науша Әбдіқалықов үшін ең қасіретті кезеңдердің бірі болды. Ол 1942 жылдың наурызында, соғыстың нағыз қызған шағында Қызыл әскер қатарына қосылды. Жауынгерлік жолын гвардиялық 279-шы атқыштар полкінде бастап, Смоленскіден Балтық теңізі жағасындағы Кёнигсбергке дейінгі сұрапыл соқпақты жүріп өтті. Жауға қарсы топ бастап, қаншама қала, елді мекенді азат етуге атсалысқаны үшін «Қызыл Жұлдыз» орденіне ие болды. Әкелердің ел үшін жасаған ерлігі – біз үшін үлгі. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес!», – деді Гүлшара Наушақызы.
Аймақ басшысы Жеңістің биылғы мерейтойы онлайн форматта тойланатындығын өзінің парақшасында жазған.
«Биыл біз Жеңістің 75 жылдығын карантин жағдайында қарсы аламыз. Бірақ, бұл ең сұрапыл соғысты жеңіспен аяқтаған жауынгерлерге құрмет көрсетпеу деген мағынаны білдірмейді. Биыл «Жасампаз жасақ» шарасы виртуалды режимде өтеді. Яғни, Сыр бойынан шыққан батырлардың ерлігі кең көлемде насихатталады. Біз олардың есімін жадымызда тағы бір мәрте жаңғыртатын боламыз. Сондықтан Қызылорда облысының әкімдігі интерактивті акцияға қатысуға шақырады.
Ол үшін әке-аталарыңыздың, жақындарыңыздың фашизмді жоюға қосқан үлесін әңгімелеп немесе майданнан жіберген хаттарын оқып, бейнеролик түсіресіз. Отбасылық фото-суреттерді көрсетсеңіз де болады. Қорытынды бейнежазбаны әлеуметтік желіде төмендегі хэштегтермен жариялайсыз. (Instagram. Facebook, ВКонтакте). Біз сол бейнематериалдарды жинақтап, Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтындағы «Жасампаз жасақ» бөлігіне орналастырамыз. Ұнаған роликке дауыс беруге болады. Үздік 10 туынды 9 мамыр күні «Qyzylorda» телеарнасында көрсетілетін бейнесюжетке енгізіледі. Әке-аталарыңыздың жеңіс жолдарын құрметтеп, ерліктерін насихаттауға атсалысыңыздар.
Жасампаз жасақ – ерлікке тағзым! Біз біргеміз!», – деген облыс әкімі аталған жазбасында.
24 сәуір 2020 ж. 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (9265)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (9264).

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031