Оқушылар онлайн оқиды
Дүниені дүрліктірген дерт дүйім жұртты дүдәмәл халге түсірді. Шаш етектен келетін шаруаны шетке ысырды. Содан болса керек, көптің көңілі күпті. Жұрт жылт еткен жаңалыққа елегізи қарайды. Жанын шүберекке түйген әр адам іштей «жақсы болса екен» деп тілеуде. Жаһанды жайлаған індет қалааралық, халықаралық қатынастарды тежеп, қоғамдық шараларды, тіпті той-томалақтарды болдырмады. Өкініштісі, бұл ауру білім алушыларға да кесірін тигізді.
Қазіргі таңда мектеп оқушылары көктемгі демалыста. Бертінге дейін осы уақытта мектеп мұғалімдері педагогикалық шеберлігін арттырып, әдістемелік қоржынын толтырумен айналысатын еді. Ал биылғы төртінші тоқсанға бала да, ұстаз да ерекше дайындалуда. Өйткені, елімізде алғашқы рет орта білім беру ордалары қашықтықтан дәріс береді. Осыған орай ұстаздар қауымы әдеттегі дайындыққа цифрлық сауаттылығын арттыруды да қосты. Әрине, бұған дейін мектеп мұғалімдері цифрлық білім беру ресурстарымен, электронды оқулықтармен, электронды журналмен жұмыс істеді. Демек ұстаздардың цифрлық жүйені пайдалануда едәуір тәжірибесі бар. Алайда, ел арасында қашықтықтан оқытуды жете түсінбеген ата-аналар да жоқ емес. Көпшілігі қандай пәндер онлайн оқылатынынан бейхабар. Ал кейбіреулері онлайн оқу қанша уақытты қамтитынын білмейді.
Міне, осы сауал бойынша біз аудандық білім бөліміне хабарласқан болатынбыз. Бөлім басшысы Б.Сейілхановтың мәлімдеуінше, балмен бағаланатын сабақтар онлайн өтеді. Әр сабақтың ұзақтығы 30 минутты құрайды. Бүгінгі таңда Шиелі ауданында 79,7 процент оқушы желіге қосылуға мүмкіндігі бар. Бірақ бұл өзге оқушылар онлайн білім ала алмайды дегенді білдірмейді. Себебі, «Балапан» және «Ел-Арна» телеарналарында төртінші тоқсан басталысымен 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн сабақ өтеді. Бұл жөнінде кеше білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова айтқан еді.
– Қазір теле-сабақтардың арнайы түсірілімі жүруде. Ол сабақтар мемлекеттік стандарт талаптарына, оқу бағдарламасына сәйкес құрылған. Оқушылар үшін 2 мыңнан астам теле-сабақ дайындалады. Бұған үлкен күш жұмсалуда. Нұр-Сұлтан қаласының, Назарбаев зияткерлік мектептерінің, республикалық, халықаралық және жеке мектептердің үздік ұстаздары еліміздің барлық балаларына сабақ береді, – деді вице-министр.
Қашықтықтан оқуда ұстаздарға ғана емес, ата-аналарға да үлкен жауапкершілік артылуда. Балалардың сабаққа уақытылы қатысып, тапсырманы мұқият орындауы ендігі кезекте ата-анаға тікелей байланысты. Бұл мәселені де білім және ғылым вице-министрі назарынан тыс қалдырмады. Ол ата-аналарды онлайн оқу мәселесіне түсіністікпен қарауға шақырды.
– Құрметті ата-аналар, біріншіден, бұл мәселеге сіздер түсінікпен қарауларыңызды, балаға жаңа форматта оқу, материалын игеруге көмек беріп, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың орнауына ықпал етіп, қажетті нәтижеге жету үшін өз көмегіңізді беруді сұраймыз. Тек осылай бірлесе жұмыс істеу арқылы біз оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырып балаларға қажетті білім мен құзіретін бере аламыз. Кейбір мектептерде сапалы интернет мәселесі, мұғалімдер мен оқушыларда компьютердің болмауы, отбасында бірнеше бала болған жағдайда компьютерді пайдалану сұрақтары, дайын интернет-платформалардың жоқтығы түсінікті. Бұл сұрақтар әрине, бар олар жеке тұрғыда қарастырылады, оларды шешу жолдары анықталуда, – деді Ш.Қаринова.
Тағы бір айта кететін жайт, елдегі төтенше жағдайға байланысты ақылы ҰБТ да кейінге шегерілді. Кезекті ақылы тестілеу наурыздың соңында өткізіледі деп жоспарланған болатын. Алайда, жазғы ҰБТ кейінге шегеріле ме, жоқ па ол әлі белгісіз. Білім беру саласының мамандары барлығы эпидемологиялық жағдайға байланысты дейді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл індеттен арылу бірдің ғана қолынан келмейтіні анық. Сондықтан үш жүзінің арасын үтір ғана бөліп тұрған қазақ елі бірігіп жұмыс істеуі керек. Әсіресе, ұстаздар мен ата-аналар осы мәселеде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарса, қашықтықтан білім алу оқушыға қиын соқпайды.
Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА