Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардақты ауыл ағасы

Ардақты ауыл ағасы

«Қарты бардың – жұрты бар». Бұл бағзыдан қалған баба сөзі. Жұрты қазыналы қартын сыйлап, қамқорлық көрсетсе, әрине, нұр үстіне нұр. 95 жастағы Уайда ­Алиханов ұлттық мұрағат қорын тарихи маңызды жеке тектік құжаттармен толықтыру мақсатында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Социалистік жарыстардың жеңімпазы, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, «озат шопан» атанып, түрлі жетістікке жетіп келеді.

Ғасырға жуық ғұмырында Өзбекстанның Ферғана қаласындағы орман шаруашылығының жұмысшысы, Шиелі ауданы «Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы колхозда аға шопаншы болып бір салада табан аудармай ұзақ жылдар бойы қызмет істеп, зейнетке шығады. Қырық жыл бойы төрт түлікті төлдетіп, мал басын арттыру жолында жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізіп, жүз аналықтан жыл сайын 171-ден 212-ге дейін төл алуды, мал басын 99-100 пайыз аман сақтауды қамтамасыз етті. Сүбелі еңбегі үшін 1983 жылы облыстың «таңдаулы шопаны» атанды. Сондай-ақ 1969 жылы Бүкілодақтық халық шаруашылығы көрмесіне қатысып, ССР Халық шаруашылығын дамытуда жеткен жетістіктері үшін күміс медальмен, одан әрі «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен қоса «Құрмет белгісі», «Октябрь революциясы», «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері атанды. Бойын қарттыққа жеңдірмеген Уайда қария 2019 жылды да аман-сау табысты қорытындылап, «Ардақты ауыл ағасы – 2019» номинациясын иеленді.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ

06 қаңтар 2020 ж. 1 090 0