Серпінді индустрия. әлеуметтік ілгерілеу: дамудың басым бағыттары
Еліміз үшін бірлік пен берекенің, ынтымақ пен татулықтың, жасампаздық пен жарқын жеңістердің тағы бір жылы тарих көшіне ілесіп, елеулі оқиғаларымен есте қалды.
2019 жыл еліміздегі экономикалық даму мен қалыптасқан саяси тұрақтылықтың арқасында аудан халқы үшін ірі серпінді жобалардың жүзеге асуымен табысты жыл болды.Республикамыз өсіп-өркендеудің инновациялық-индустриялық жаңа дәуіріне қарышты қадам басты.
Аудан дамуының негізгі басымдықтары Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында және Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында айқындалған мақсаттарға сәйкес атқарылды.
Шиелі ауданында 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша:
БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га құрайды. Қазіргі таңда аудандағы 40 елді мекенде барлығы 82601 адам, оның ішінде кент орталығында 32586 адам, ауылдық елді мекендерде 50015 адам тұрады.
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га құрайды. Қазіргі таңда аудандағы 40 елді мекенде барлығы 82601 адам, оның ішінде кент орталығында 32586 адам, ауылдық елді мекендерде 50015 адам тұрады.
2019 жылы ауданның даму көрсеткіштері статистика органдары мәліметімен жалпы экономикалық тұрғыдан тұрақты жағдай қалыптасқандығын көрсетіп отыр.
Ауданның жылдық бюджеті 21 млрд 044,8 млн теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына бюджеттік кіріс бөлігінің жоспары 18 млрд 859,6 млн теңге, орындалуы 19 млрд 095,4 млн теңге немесе 101,2 пайыз, оның ішінде жергілікті бюджет кірістері жоспары 1 млрд 705,4 млн теңге, орындалуы 1 млрд 871,9 млн теңге немесе 109,8 пайызға орындалды.
Аудандық бюджеттің шығыстар бөлігі ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына 18 млрд 859,6 млн теңге жоспарланып, орындалуы 18 млрд 819,7 млн теңгеге немесе 99,8 пайызды құрады.
Жыл қорытындысымен шығыстар бөлігінің жоспары 21 млрд 044,8 млн теңге, болжамды орындалуы 20 млрд 968,8 млн теңгені құрайды немесе 99,6 пайызды құрайды.
Аудан бойынша жергілікті өзін-өзі басқару бойынша халық саны 2000-нан асатын кент және ауылдық округтердің 2019 жылдың 1 желтоқсанына IV деңгейлі бюджетінің кірістерінің жоспары 1 млрд 375,8 млн теңге болса, орындалуы 1 млрд 406,6 млн теңге немесе 102,2 пайызды құраған, оның ішінде өз кірістерінің жоспары 176,9 млн теңгеге жоспарланып, 207,4 млн теңгеге орындалды, яғни 117,2 пайызды құрады, шығыстарының жоспары 1 млрд 375,8 млн теңге болса, игерілуі 1 млрд 373,1 млн теңге немесе 99,8 пайызды құрады.
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША
Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алудың веб-порталына тіркелген Шиелі ауданы әкімдігіне қарасты тапсырыс берушілердің жалпы саны 94, оның 39-ы мемлекеттік мекемелер болса, 55-і оларға қарасты мекемелер мен кәсіпорындар.
Аудан бойынша ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алуға жоспарланған қаржы 6 782 201 мың теңгені құрап отыр.
Оның ішінде:
Конкурс тәсілі – 294 лот – 3753654 мың теңге.
Аукцион тәсілі – 1 лот – 104 414 мың теңге.
Баға сұранысы тәсілі – 160 лот – 188 105 мың теңге.
Тікелей бір көзден – 2 700 360 мың теңге.
Тауар биржасы тәсілі – 35 668 мың теңге.
Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген конкурстар саны – 101. (248 лот), сомасы – 689 402 мың теңге.
Бүгінгі күнге 97 сатып алу конкурсының қорытындысымен шарт жасалып, 4 - сатып алудан бас тартылған. Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген сатып алулар саны – 13 (13 лот), оның 12 – конкурс, 1 - аукцион, жалпы сомасы – 3 065 353 мың теңге.
Тапсырыс берушілердің өздерінің ұйымдастыруымен өткізілген конкурстар саны – 11 (16 лот), сомасы – 38 млн 176 мың теңге.
Республикалық бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу комитетімен сомасы – 5 747 000 мың тг өткізілді. Кураторлық қызмет бойынша өткізілген сатып алулар:
Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен кураторлық қызмет арқылы 17 лот өткізілді. Бөліммен кураторлық қызмет бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алулар саны – 7 (сомасы 17 153 мың тенге).
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК
2019 жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 4758 субъектіге жетіп, (4517 кәсіпкер) тиісті кезеңмен салыстырғанда 105,3 пайызға артты. Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 4 287-ні (3963 кәсіпкер) құрап, олардың үлесі 90,1%-ға жетті. Тиісті кезеңмен салыстырғанда 110,0 пайызға артты. (жеке кәсіпкер-2876, шаруа қожалық –1207, заңды тұлға-539.)
Ағымдағы жылы мемлекеттік кірістер басқармасы арқылы 589 жеке кәсіпкер, 34 шаруа қожалық, 29 заңды тұлға тіркеліп, жалпы 652 шағын және орта кәсіпкерлік субьектісі ашылды.
Ауданның өнеркәсіп орындары есепті мерзім ішінде 25 млрд 952,0 млн теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,3 пайызды құрады. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 10 млрд 625 млн теңгені құрайды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 126, 9 пайызға орындалып отыр.
Аудан кәсіпкерлерінен мемлекеттік кірістер басқармасы арқылы бюджетке 5 млрд 122,7 млн теңгенің түсімі түсті. Оның ішінде Шағын және орта кәсіпкерліктен 1 млрд 536 млн теңге түсім түсіп, жалпы кірістің 29,9 пайызын құрады.
«Еңбек» бағдарламасы бойынша 301 жобаға 126 млн теңгеге қайтарымсыз грант қаражаты берілді.
Сонымен қатар, жобалық құны 548,2 млн теңгені құрайтын 149 жоба несие қаражатын алды.
– АШҚҚҚ-80 жоба 285,5 млн тг
– Қызылорда ӨИО (Еңбек)-39 жоба-108,5 млн тг
– «Наурыз-Дем» НС» ЖШС-2 жоба- 10 млн тг
– «Сырдария-1» НС-7 жоба 52 млн тг
– Қаржылай қолдау (Финпомощь) – 21 жоба-92,2 млн тг.
«Өңірлік инвестиция орталығы» арқылы «Микро Бизнес Қызылорда» бағдарламасы бойынша жобалық құны (мал шаруашылығынан басқа жобаларға (наубайхана, жүк көлігін алу, кондитер цехы, автокөлікке қызмет көрсету, жылыжай құрлысы) 76 млн теңгегені құрайтын 21 жоба қаржыландырылды.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4 азамат 24 млн теңге несие қаражатын алып оған 795 бас қой алынды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бағыты бойынша ағымдағы жылы жобалық құны 320,3 млн теңгені құрайтын 12 жоба қаржыландырылса, ішінара кепілдендіру бағыты бойынша жобалық құны 108,4 млн теңгені құрайтын 8 жоба қолдау алды. («Шиелі Жолшы» ЖШС, «Әбдіманап Базары» ЖШС, «Елемесова К», «Құлтаев Б» ЖК, «Байтуғанова» ЖК, «Қайсар» ЖК, «Нұрасыл» ЖК, «Берекелі Ақ отау» ЖК,)
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жаңа бизнес-идеяларды қолдау бағыты бойынша қайтарымсыз грант қаражатын алуға ауданнан құны 25,5 млн теңгені құрайтын 31 жоба ұсынылып, құны 2,9 млн теңгені құрайтын 11 жоба қолдау тапты. (Оның ішінде жас кәсіпкерлердің 6 жобасы 1 млн 726 мың теңге қаржыландырылды.)
Бүгінгі күні барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауданнан жобалық 1 млрд 520 млн теңгені құрайтын 516 жоба қаржыландырылып, 625 адам жұмыспен қамтылды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша
Шиелі ауданынан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша инвестиция қажет ететін жобалық құны 2 млрд 455 млн теңгенің 22 жобасы іріктеліп, оның ішінде құны 795 млн теңгені құрайтын 8 жобаның құжаттары қаржы ұйымдарына толықтай ұсынылып, Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 2 жоба 25,4 млн теңгеге қаржыландырылды. («Жанұзақ» шаруа қожалығы 16,7 млн теңгеге, Саят» шаруа қожалығы -8,7 млн. теңгеге) («Аққұм» ШҚ -20 млн тг мал шаруашылығы, «Ержан» ЖК-10 млн тг, мал шаруашылығы, «Шиелі Тас Оңтүстік»ЖШС-650 млн тг силикат қыш өндіру, АШҚҚҚ-на «Ақарыс» ШҚ-30 млн тг, «Айдаулет» ШҚ-50 млн тг, «Медгат» ШҚ-10 млн тг, «Саят» ШҚ-8,7 млн тг, «Жанұзақ» ШҚ-16,7 млн тг )
Қазіргі таңда құны 1 млрд 630 млн теңгені құрайтын 14 жоба құжаттарын қаржы ұйымдарына әзірлеуде.
Индустрияландыру бағдарламасы бойынша:
Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында өңірлік картаға енгізілген жобалық құны 149,2 млрд теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылуда.
Оның ішінде жобалық құны 64 млрд теңгені құрайтын 1 жоба «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-ның «Тампонажды цемент өндіру зауыты» іске қосылып, жұмыс істеуде. Кәсіпорны бүгінгі күні 320 мың тоннадан аса өнім шығарып, оның ішінде 17,3 мың тонна цемент өнімін экспортқа (Өзбекстанға) жіберді.
«Фирма Балауса» ЖШС-нің «Бала сауысқандық кешенінде қара тақта тасты автоклавты өңдеу» жобасы. Жоба құны – 34,9 млрд теңге, зауыт толықтай іске қосылғанда 649 жаңа жұмыс орны құрылады, қуаттылығы жылына I кезең – 15 мың тонна кен, II кезең – 60 мың тонна кен, одан әрі 1 млн тонна кен өндіру.
Мемлекеттік қолдау ретінде Инвестициялық преференциялар алуға министрлікпен келісім жасалды. 2019 жылдың 9 айында 164,6 тонна аммоний метаванадаты 1 млрд 209 млн теңге Ресей мен Ұлыбритания елдеріне экспортталды. Бүгінгі күнге 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылуда.
Сонымен қатар «Таң ЛТД» ЖШС-ның жобалық құны 397 млн теңгені құрайтын «Күріш және құрама жем өндірісі» жобасына 5 000 га жер телімі егіндік мақсатта табысталып, ағымдағы жылы 1000 га жер теліміне жоңышқа және мақсары дақылдары егілді.
Бүгінгі күні Шиелі кенті орталығынан аумағы 8 гектар болатын өндірістік база мен «КазАгроФинанс» АҚ арқылы 5 дана ауыл шаруашылық техникалары сатып алынып, өндірістік базаны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Құрама жем өндірісіне қажетті заманауи жабдықтар сатып алынып, бүгінгі күні монтаждау жұмыстары басталды.
Бұған қоса «Таң ЛТД» ЖШС-і 2020 жылға жүгеріні терең өңдейтін шағын зауытын іске қосу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 1000 га жер дайындалып, тегістеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылға 500 гектар жер теліміне жүгері дақылын, егу жоспарлануда. Жүгеріні терең өңдеу цехын іске қосу үшін Қытай Халық Республикасына қажетті құрал-жабдықтарды алуға 40 млн теңгеге тапсырыс берілді.
2019 жылдың сәуір айында жобалық құны 46 млрд теңгені құрайтын 2 жоба өңірлік картаға енгізілді. Олар «Rіno Asia» ЖШС-нің Керамикалық плиталар өндіру зауыты және «Сыр Агро и К» ЖШС-нің «1200 басқа арналған тауарлы сүтфермасын құру және кеңейту» жобасы.
Анықтама үшін:
1. «Rіno Asia» ЖШС-нің «Керамикалық плиталар өндіру зауытын салу» жобасы Картаға ү.ж. сәуір айында енгізілді. Жоба құны – 43,5 млрд теңге. Жоба түрік «Юлдызлар СС» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылу жоспарлануда. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Шиелі ауданынан 100 га жер телімін табыстау шешімі қабылданды. Іске қосылғанда 400 адам жұмыспен қамтылады.
2. «Сыр Агро и К»ЖШС-нің «1200 басқа арналған тауарлы сүтфермасын құру және кеңейту» жобасы Картаға ү.ж. сәуір айында енгізілді. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Шиелі ауданынан 500 га жер телімін табыстау шешімі қабылданды. Бүгінгі күні жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Ферма құрылысы 60% -ға аяқталды.
Индустриялды аймақ бойынша
Шиелі кентінің шығыс жағынан индустриялық аймаққа 96 га жер беріліп, 2 млрд 865 млн теңгеге толықтай инфрақұрылым жұмыстарын жүргізілді. Оның ішінде 487,5 млн теңге бюджет қаражаты есебінен жүргізілсе (РБ-217,4 млн тг, ЖБ-270,1 млн тг газ желісі), қалған 2 млрд 377,5 млн теңге мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы аясында жүзеге асырылды. (12,5 шақырымы электір желісі 3,2 км болатын темір жол желісі)
Индустриялдық аймаққа тартылған сағатына 20 мың м3 (куб). газ желісінен 3 мекеме көгілдір отынын пайдаланып отыр («Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС, «Бөпежанов» ЖК, «Әшірбеков» ШҚ).
Бүгінгі күні индустриялдық аймақтан жобалық құны 66 млрд 30 млн теңгені құрайтын 7 жобаға 63 га жер телімі табысталып, 4 жоба іске қосылды. Индустриялдық аймаққа 44,7 млрд теңге инвестиция тартылып, нәтижесінде инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен бюджетің 1 теңгегесіне шаққанда тартылған инвестиция көлемі 16,6 теңгені құрады. Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығында жүзеге асырылған жобалар іске қосылған уақыттан бастап 3,2 млрд теңге салық түсті.
2019 жылы индустриялды аймақта орналасқан жобалар арқылы 7 млрд 419 млн теңгенің өнімі өндірілді. 294 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ
Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2019 жылға арналған негізгі индикаторларының іс-шара жоспарына сәйкес, егін және мал шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Ауданда 2019 жылы ауыл шаруашылығы саласы бойынша 24 млрд 889,6 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,8%-ға артты.
Егін шаруашылығы
Аудандағы шаруашылық құрылымдары 29 655 гектар жерге егін салып, былтырғы жылмен салыстырғанда 2400 гектарға өсім алып отыр. Өсім егінді әртараптандыру жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізілді. (оның ішінде дәнді дақылдар 13 882 га, майлы дақылдар 1 896 га, мал азықтық дақылдар 9 213 га, картоп, көкөніс, бақша 4664 га). Негізгі дақыл күріштің көлемі – 12475 га. Орта өнім гектарына 61,2 цн келіп, жалпы өнім 76347 т болды. (1332 га жерге егілген күздік бидай дақылы бүгінгі күнге толығымен жиналып, 2664 тонна өнім алынып, орта өнім гектарына 20 цн келді).
Егіннің жаңа сорттарын ғылыми негізде өсіру қарқынды жүргізілуде. Аудан бойынша тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие «Ақмая» шаруа қожалығы биылғы жылы 332 гектар жерге бидайдың супер элиталық «Стекловидный» сортын орналастырып, егістің әр гектарынан 30 центнерден өнім алуды қамтамасыз етті.
«Төңкеріс-К» шаруа қожалығы 200 гектар жерге мақсарының супер элиталық «Мөлдір-2008» сортын орналастырып, әр гектарынан 15 центнерден өнім жинады.
Бестам ауылдық округіне қарасты «Алтын дән» шаруа қожалығы мен Ы.Жақаев атындағы «Қазақ күріш өсіру ғылыми зерттеу институты» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігімен біріге отырып, картоптың гибридтік «Ақсор», «Жанайсан», «Үшқоңыр» сорттары және мал азықтық асқабақ дақылының гибридтік «Афродита», «Карина», «Мозолеевская-10» сорттары егіліп, күтіп бапталды.
Ауданда бүгінде тамшылатып суару әдісімен 50 гектар алма бағы өсірілуде (Ақтоған а/о-15 гектар, Тартоғай а/о-10 гектар, Гигант а/о-10 гектар), оның 15 гектары биылғы жылы егілді (Талапан а/о-10 га, Сұлутөбе а/о-5 га). Суды үнемдеп пайдалану бойынша Жаңатұрмыс ауылдық округінде «Байсын» шаруа қожалығы ашық топырақта тамшылатып суару әдісімен 13 гектар жерге, Жуантөбе ауылдық округінде «Заңғар» шаруа қожалығы 17 гектар жерге көкөніс дақылдарын ексе, бұдан бөлек Ақмая, Алмалы, Ақтоған, Талаптан ауылдық округтерінде су үнемдеу мақсатында плёнка қолдану әдісімен 155 гектар жерге көкөніс дақылдарын орналастырып, жоғарғы өнімдерге қол жеткізуде.
Жобалық кеңсе аясында Шиелі кентінің шығыс аймағынан жылыжай кешенінің құрылысы басталды. Бүгінгі күні 2 гектар жерге 8 жылыжай салынып, алғашқы өнімдері жиналуда, одан бөлек ашық егістік жерлерге 1500 га көкөніс дақылдары орналастырылып, 450 тонна көкөніс өндірілді.
Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру бағытында «Ақмая» шаруа қожалығында 800 гектар жерге «Ақылды ферма» жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуеті артып келеді. Тек биылғы жылы ғана 280 тонна көкөніс, 335 тонна бақша өнімдері Ресей Федерациясына экспортталды.
Жыл басынан бері азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында Қызылорда қаласында бес рет, Шиелі аудан орталығында екі рет ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтті. Жалпы көлемі 886,8 тонна, жалпы құны 124 млн 820 мың теңгені құрады.
Күзгі егін жинау науқанына 116 комбайн, 63 жатка , 51 жүк көлігі, 322 дана трактор толықтай қатысты.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарына мемлекет тарапынан жеңілдетілген дизель отыны Qoldau.kz электронды порталы арқылы шаруашылықтар өтінімдерін жіберіп, толықтай қамтамасыз етілді, дизель отынының литрі – 178 тг құрады. Ауыл шаруашылығы құрылымдары 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында лизингке және өз қаржысына 750 869 820 теңгеге жаңа үлгідегі ауылшаруашылығы техникаларын алып, техника парктерін жаңалауда.
Мал шаруашылығы
Аудан бойынша 2019 жылдың барлық төрт түлік мал саны: ірі қара – 59407 (106,5%-ға өсті),қой мен ешкі – 88111(110,0%-ға өсті), түйе – 1504 (102,4%-ға өсті), жылқы – 15451(113,8%-ға өсті), құс 27646 басты құрады.
Төрт түлік мал басының артуына байланысты өндірілген өнімдерде өсім тиісінше, алынған өнім (тірілей салмақта) 4212,6 тонна ет(ет өндіру-103,4%-ға артты),1630 тонна сүт (сүт өндіру-102,3%-ға артты), 2242,8 мың дана жұмыртқа өндірілген.
Сонымен қатар «Етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының» индикаторлық көрсеткіштері бойынша:
Тұқымдық түрлендіру
МІҚ малының 2019 жылы аналығының басын 28 600 бастан 29652 басқа көбейту және олардың тұқымдық түрлендіруге қатысу жоспары - 10497 бас. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері асыл тұқымды бұқа сатып алу жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі күнге жоспарланған 10497 бас МІҚ аналықтың 10316 басы тұқымдық түрлендіруге қатысты. Тұқымдық түрлендіру жұмыстары жалғасуда.
«Сыбаға» бағдарламасының
орындалуы
2019 жылға ауданға «Сыбаға» бағдарламасы аясында 325 бас асыл тұқымды шет елден МІҚ аналығын сатып алу жоспары бекітілген. Қазіргі таңда Ақмая ауылдық округіне қарасты «Әсет» шаруа қожалығы Ресей Федерациясынан «Сыбаға» бағдарламасымен жоспарланған 104 бас қалмақ тұқымды мүйізді ірі қара малын және қосымша өз қаржысынан 16 бас, барлығы 120 бас «Қалмақ» тұқымды МІҚ малын әкелді.
Бағдарламаның қой малын сатып алу бағыты бойынша ауданға 7800 бас қой сатып алу жоспары бекітіліп, бүгінгі күні жоспар толық орындалды. Бұқашықтарды бордақылау алаңына өткізу
Ағымдағы жылы ауданға 1000 бастан жоғары бордақылау алаңына 2565 бас бұқашықтарды өткізу бойынша жоспар бекітілген. Жыл басынан бері бордақылау алаңына 2275 бас бұқашықтар өткізілді.
Мал азығын дайындау
Аудан бойынша қысқа түсетін төрт түлік мал басына қажетті 98 мың тонна табиғи шөп, 30 мың тонна жоңышқа шөбі және 28 мың тонна сабан дайындалды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы
2019 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша Шиелі ауданы үшін («Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» 099 бюджеттік бағдарлама бойынша нысаналы трансферттің сомасы 36 408 мың теңгені құрады, оның ішінде ауылдық елді мекендерге жұмысқа және тұруға келген мамандарға көтерме жәрдемақыға – 4 305,6 мың теңге (29 маман), қаржылық агенттің операциялық қызметіне – 3 102,4 мың теңге бөлініп,) «Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік саладағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бөлінген бюджеттік кредиттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 367 387 400 теңге қаржы бөлініп, 3 787 500 теңгеден барлығы 98 маманға берілді.
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3, 2 млн гектарды құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер-237,9 мың гектар болып белгіленген.
Жер учаскелеріне сауда-саттық «Атамекен» ҚР ҰКП-ның алаңында өткізіліп келеді. ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге сай өңірлік даму жоспар жобасына 2019 жылы көлемі 5000 гектар сауда-саттық жоспарланған.
2018 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден жалпы көлемі - 1171 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтса, 2019 жылға бұл көрсеткіш – 2650,0 гектарға жетіп отыр, оның ішінде егістігі 88,0 га.
Ауданда жалпы көлемі 96,0 гектарды құрайтын индустриялық аймақтың бүгінгі таңда 63,0 гектары табысталған, дегенмен 33,0 гектар жер теліміне тиісті инвесторлар тарту жоспарлануда.
ВЕТЕРИНАРИЯ
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінде бекітілген тізім бойынша жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егу іс-шаралары 684 503 құрап, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына 100% енгізілді.
(Сарып (бруцеллез) ауруына қарсы қан үлгілері мен диагностикалық тексерудің жұмыстары 152 626 басқа орындалып , барлығы 2019 жылы 3 бас уақ мал, 17 бас МІҚ малы бруцеллез ауруына оң нәтиже беріп барлық мал басы ветеринариялық - санитариялық талаптарға сай сойылды. Сонымен қатар, 1000 бас жылқы маңқа ауруына аллергиялық әдіспен тексерілді.)
Иесіз қаңғыбас ит, мысықтарды жоюға 2019 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 5 млн 396 мың теңгеге 1638 бас егесіз қаңғыбас иттер мен мысық ауланып, жойылды. Сонымен қатар, 5520 бас итке дегельминтизация жұмыстары жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары бойынша қазіргі таңда 15 091 бас МІҚ, 38 171 бас уақ мал, 3172 – бас жылқы, 301 бас түйе, 344 бас шошқа сырғаланып, компьютерлік базаға енгізілді.
Аудан бойынша ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен регламентіне сәйкес жыл басынан бері – 26 053 қызмет көрсетілді. (Нәтижесінде, 2719 бас мүйізді ірі қара, 3 бас жылқы, 2653 бас уақ мал, 738 қора жалпы аумағы 108 540 ш.м, 29- суат пен шаңлақ 12040 ш.м аумаққа дезинсекция жүргізілді.)
2019 жылы барлығы көктемгі және күзгі эпид маусымында 17 елді-мекенге дезинфекция жасалды. Бұдан бөлек 8 ауылдық округте орналасқан мал тоғыту ванналарында 4793 бас уақ мал тоғытудан өтті.
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ СӘУЛЕТ
2019 жылы құрылыс саласы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден барлығы 1 715 193 мың теңге қаржы қаралды.
Атап айтқанда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018-2019 жылдары 1 186 900 мың теңге қаржыға Шиелі кенті Шұғыла-2, Шұғыла-3, Шығыс-4 мөлтек аудандарына жалпы көлемі 217 га аумаққа, Бидайкөл елді мекеніндегі жаңадан тұрғын үй салынатын 14, 15 және 30 кварталдарға инфрақұрылым жүйелері (электрмен жабдықтау, ауыз-су желілері) құрылыс жұмыстары жүргізілді.
2019 жылға аталған мөлтек аудандарға жалпы ұзындығы 34 км. ішкі «Тас жолдарының құрылысы» жұмысына облыстық бюджеттен 291 762,0 мың теңге қаржы қаралып, 55 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. (Жобаның жалпы құны 874 359,0 мың теңге)
Сонымен қатар «Өңірлерді дамыту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 елді мекенді (Сұлутөбе, Тартоғай, «Жаназар батыр», 1 Май, «Тұрсынбай датқа») ауыз сумен толық қамту үшін 2019-2020 жылдарға 1 452 607 мың теңге қаржы жоспарланып, өткен жылға 806 497 мың теңге қаралып, құрылыс монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Жаназар батыр», 1 Май және «Тұрсынбай датқа» елді мекендерінің ауыз сумен қамту жұмыстары толығымен аяқталды. Сұлутөбе, Тартоғай елді мекендері биылғы жылға өтпелі. (2020 жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, елді-мекендер таза ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі.)
Ветеринария саласындағы құрылыс нысандары бойынша Шиелі ауданы Тартоғай және Ә.Тәжібаев ауылдарына облыстық бюджеттен 26 904 мың теңге қаржыға, «мал қорымы» (биотермиялық шұңқыр) құрылысы салынды. Сонымен қатар мал қорымы салынбаған 14 елді мекенге 26 140 мың теңгеге жоба-«сметалық құжаттары әзірленді.
Аудандық бюджет есебінен Жансейіт елді мекенінде 100 орындық мектеп, Шиелі кентіндегі №48 мектеп-лицейінің 300 орындық қосымша корпус құрылыстарына жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптама қарауына ұсынылды.
Байсын елді мекенінде 250 орындық мектептің, «Ақ орда» және «Береке» мөлтек аудандарындағы 3 бөлмелі бір пәтерлі 59 тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, жалпы жобалық құны 2 042,0 млн теңгеге 2020 жылға республикалық және облыстық бюджетке өтінім тапсырылды.
Шиелі ауданы бойынша 2019 жылы пайдалануға берілген жеке тұрғын үй құрылысының саны 452, жалпы ауданы – 50839 м2. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 112 пайызға орындалды.
Шиелі кентіндегі үш қабатты 18-пәтерлі тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен 122 750,0 мың теңге қаржы қаралып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, нысан 2020 жылы пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ 2020 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына сәйкес, Ақмая ауылындағы №49 және кент орталығындағы №48 мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АВТОМОБИЛЬ
ЖОЛДАРЫ
ЖОЛДАРЫ
Ауданда 145,4 шақырым аудандық, 92 шақырым облыстық, 80 шақырым республикалық маңыздағы автомобиль жолдары, Сырдария өзенінде үш қалқымалы көпір мен бір қалқымалы өткел бар. Аудандық маңыздағы 145,4 шақырым автомобиль жолдарының 124,5 шақырымы, яғни 83,7 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Облыстық және республикалық маңыздағы автомобиль жолдары 100 пайыз асфальтталған.
Кент және ауылдық округ елді мекендерінде 437 шм жол тораптары бар.
2019 жылы Төнкеріс ауылдық округінің Ш.Қодаманов ауылындағы ішкі 3,8 шақырым 3 көшені орташа жөндеуге 47329 мың теңге бөлініп, игерілді.
Сондай-ақ құрылысы 2019 және 2020 жылдарға жоспарланған ұзындығы 4 шақырым болатын аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Майлытоғай» автомобиль жолын орташа жөндеуге 47088 мың теңге қаржы бөлініп, 1,7 шақырымы жөнделіп, 2019 жылға жоспарланған жұмыс толық атқарылды.
Аудан бойынша барлығы 119, 5 млн теңгеге 8,7 км жол жөндеуден өткізілді.
Сонымен қатар алдағы 2020 жылға көптен бері халықтың көтеріп келе жатқан проблемалық мәселесі Шиелі кентінің арғы-бергі беттерін темір жол үстінен автомобиль көпірін соғу жөніндегі өтініштері қабылданып, құны 644,847 млн теңге болатын көпір құрылысының жобасына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Қалған қаржысы Республикалық бюджеттен бөлінеді.
Аудандағы жол саласындағы екінші бір проблемалық мәселе ескі «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 6,5 шақырымын (ПК 1921-1927,4) қайта құрылымдау жобасы болатын. Бұл жоба бойынша Алмалы елді мекені тұсынан 20-шы темір жол бекеті арқылы Батыс Европа- Батыс Қытай автомобиль жолына қосылып, тура жолмен қамтамасыз етілетін еді. Жобаға облыстық бюджеттен 50,0 млн теңге қаржы бөлініп биылғы жылы құрылысы басталады. Қалған қаржысы 2021 жылы бөлінеді. Сондай-ақ құрылысы 2019 жылы басталған «Самара-Шымкент-Майлытоғай» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен 50, 0 млн теңге, ұзындығы 4 шақырымдық, құны 123,0 млн теңге тұратын «Жиделіарық елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 5,0 млн республикалық бюджеттен 61,0 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстарына сатып алу конкурсы жариялануда.
Аудандық бюджеттен «Самара-Шымкент-Жөлек» автомобиль жолы бойындағы апатты жағдайдағы Жөлек ауылына кіре берістегі көпірді жөндеуге 16,5 млн теңге қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, облыстық маңыздағы Шиелі-Алғабас-Бестам-Жемісжидек автомобиль жолының 13 шақырымын күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 225 млн 778 мың теңге қаржы бөлінді.
Ауданда жасыл экономикаға бағытталған баламалы негіздегі, сағатына 50 мегаваттқа дейін Күн энергиясынан қуат алатын, жобалық құны 26 млрд. теңгені құрайтын «Байқоңыр Солар» электр станциясы биылғы жылы желтоқсан айында іске қосылды. «Байқоңыр Солар» күн электр станциясы көрші аудандар мен Қызылорда қаласын электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етіп, оны өндіру үшін пайдаланатын көмір, газ өнімдерін жағу барысында пайда болатын ауадағы көмірқышқыл газының жылдық шығарылуын 75 мың тоннаға азайтады деп болжамдалуда. Электр станциясының құрылысы барысында жергілікті мазмұнға ерекше назар аударылып, осы аумақтағы тұрғындар үшін де жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ауданда осындай 3 ірі мекемеде фотоэлектрстанциясы жұмыс атқарып, 132 шаруа қожалығы күн электр энергиясын пайдалануда, күн сәулесінен алатын энергия 808 кВт құрап отыр.
Автомобильдерге газ құятын 9 бекет жұмыс істеуде, 2500-ден аса автокөлік газ отынына ауыстырылды.
Одан бөлек еңбек өнімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылы «Әшірбеков» шаруа қожалығы күніне 86 тонна күріш ақтау зауытына салынса, Ы.Жақаев, Ақмая ауылдарында дәл осындай 2 зауыт құрылысы, кент орталығында құрама жем шағын зауыты және жүгеріні терең өңдеу зауыттарын салу жұмыстары басталуда.
Ауданда газдандыру жобасына байланысты Шиелі кенті бойынша үйлеріне газ кіргізуге 5367 өтініш тіркеліп, оның 5362-не монтаж жүргізіліп, 5359-ы газ пайдаланып отыр. Кенттегі 24 бюджеттік мекемеге, 56 ірі кәсіпорын мен 115 шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына газ кіргізілген.
Биылғы жылы Кент орталығындағы 8 білім беру мекемесінің жылу қазандықтары (№ 47, 48, 127, 219, 244, 270, оқушылар үйі, №47 мектептің ескі ғимараты) газ отынына ауыстырылды.
Сонымен қатар Шиелі кентіне жақын елді мекендерде тұрғындардың жеке қаржылары есебінен облыста бірінші рет газ кіргізу жұмыстары жүргізілуде бүгінгі күнге Ы.Жақаев елді мекендері газбен қамтамасыз етілді. Енді осы ауылдардағы әлеуметтік нысандарды газ отынына қосу жұмыстары жүргізілуде.
Жергілікті бюджеттен 25,0 млн теңге қаржы бөлініп, №45, 46, 252 (2-корпус), 148, 149-шы мектептердің бу қазандықтарын газға ауыстыруға жоба сметалық құжаттарын жасауға қаржы бөлінді.
Алғабас, Н.Бекежанов, Ш.Қодаманов, Жаңатұрмыс елді мекендерін газдандыру жобалары бойынша жоба-сметалық құжаттары толық дайындалып, республикалық бюджетке ұсынылды.
БІЛІМ
Аудандық білім бөліміне қарасты 40 мектеп, 4 қосымша білім беру мекемесімен қоса 17 мемлекеттік және 75 жеке меншіктегі, барлығы 92 балабақша жұмыс жасайды. 1 мен 3 жас аралығындағы балалардың 71%, ал 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 100%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.
2019-2020 оқу жылында 1-11 сынып аралығында 17897 оқушы 927 сынып топтамасына жинақталды. Мектеп алды даярлық топтары 36 мектепте ашылып, 91 топқа 1727 бала жинақталды. Оқу жылы басында барлық білім беру мекемелерінде 1-сыныпқа келетін 102 сынып топтамасында 2044 оқушы жинақталды. Биылғы жылы облыстық білім басқармасының бастамасымен білім саласын цифрландыру мақсатында «mektep.sitсen.kz» ақпараттық жүйесі іске қосылып, «мектептің 1 сыныпқа бала қабылдау», «тегін тамақпен қамтуды ұсыну» және «тегін тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілім қызметтері жүйе арқылы арқылы жүргізілетін болады. «Мектептің 1 сыныпқа бала қабылдау»қызметі ағымдағы жылдың маусым айынан жүргізілуде, қазіргі уақытта мектепке 1 сыныпқа бала қабылдау аудан бойынша осы ақпараттық жүйе арқылы жүргізіліп, 2028 оқушының өтініштері электронды қабылданса, 16 оқушы өтініштері қағаз түрінде қабылданды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары - 100, ондағы тәрбиеленуі балалар саны – 6417. Оның ішінде 17 мемлекеттік балабақшада – 1657-і, 73 жеке меншік балабақшада – 4450-і, 10 шағын орталықтарда - 310. Өмірдің қиын жағдайында қалған балалардың құқықтарының қамтып, сақталуын бақылау білім беру ұйымдарының 35 әлеуметтік педагог, 66 психолог, 9 мектеп инспекторлары мен 2 қамқоршылық және қорғаншылық орган мамандары жүзеге асырады.
Әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында 2019 жылы мектептің міндетті оқу қорына 314 млн 766 мың тг қаржы бөлініп, былтырғы жылмен салыстырғанда 68,1 млн тг өсіп отыр. (Жоспар бойынша 246 млн 839 мың теңге, 3901 оқушы ыстық тамақ, 23 млн 594 мың теңге, 3697 оқушы киім-кешек, 8 млн 923 мың теңге, 2150 оқушы лагерьге). Тамақтану сапасын көтеру мақсатында 2019 жылы қосымша 40 млн 201 мың теңге бөлініп, бір мезгіл тамақтану құның орташа еспеппен 476 теңгеге дейін көтерілді. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны көбеюне байланысты қосымша 140 баланы киім-кешекпен қамтамасыз ету үшін 92 0 мың теңге қаржы бөлінді.
Сонымен қатар «Мектепке жол» республикалық акция аясында аудан білім мекемелерінде қайырымдылық шарасы 3 шілде – 18 қыркүйек аралығында тұрмысы төмен отбасы балаларына мектеп формасы және мектеп құрал-жабдықтары 1 181 бала (8 267 000 мың теңге) мектепке қажетті сумка, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Оқушылар арасында жазғы демалыстың ұйымдастырылуы. Аудандық білім бөлімінің 2019 жылғы 29 сәуір күні №136 бұйрығына сәйкес, Өткен оқу жылында аудан бойынша 1-10 сынып аралығында жазғы демалыспен 15 626 бала қамтылып, қамтылу көрсеткіші 86,7%-ды құрады.
Биылғы жылы 1-10 сынып аралығында 16 557 бала оқиды, жазғы демалыспен және саяхатпен олардың 97%-ы қамтылады деп жоспарлануда.Жазғы каникул кезінде мектептен тыс мекемелерде арнайы «Жайдарлы жаз – 2019» атты бағдарлама бойынша 10 үйірме жұмыс жасады және онда 1000 бала қамтылды. Жалпы білім алушылардың 1-10 сынып аралығында 16 557 бала оқиды, жазғы демалыспен және саяхатпен олардың 97%-ы қамтылды.
2018-2019 оқу жылының қорытындысымен Шиелі ауданы бойынша 11 сыныпты бітірушілер саны барлығы 592 оқушы болса, оның ішінде 448 оқушы ҰБТ-ге қатысуға өтініш беріп, 23.06.2019 жылы ҰБТ-ге 431 оқушы қатысты. Бұл бітірушілердің 73 пайызын құрайды. Бұл топтағы бітірушілерге білім беру мекемелері тарапынан кәсіби бағдар беру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіліп, аудан бойынша орта мектепті бітірген 592 түлектің 99,8 пайызы жоғарғы оқу және арнаулы орта, техникалық-кәсіптік оқу орындарына орналастырылды. ҚР БҒМ өткізген Мемлекеттік гранттар мен «Мәңгілік ел жастары индустрияға – Серпін 2050 » мемлекеттік бағдарламасы бойынша гранттар тағайындау конкурсы нәтижесінде 266 бітіруші мемлекеттік грант, оның ішінде 98 мектеп бітіруші «Серпін» бойынша грант иегері болды. Сонымен қатар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында негізгі және орта мектеп бітіруші түлектерді кәсіптік және техникалық оқу орындарына мамандық алуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық комиссия арқылы 199 түлекке жолдама берілді. 9- сыныпты бітірген түлектерге - 127, 11- сыныпты бітіруші -72 түлекке жолдама беріліп, 124 түлек осы жолдама арқылы оқу орнына орналасты. Көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары үшін қосымша бөлінген грант есебінен 12 мектеп бітіруші жоғары оқу орындарына түссе, облыс әкімінің грантын 10 бітіруші иеленді. Меморандум аясында 1 бітірушіге Ресей Федерациясының гранты тағайындалды. Жалпы 2018-2019 оқу жылының қорытындысымен аудан бойынша 11 сынып бітіруші 592 түлектің орналасуы қадағаланып, 98,5 % орналасты. Оның ішінде 415 мектеп бітіруші жоғарғы оқу орындарына,қалғандары арнаулы орта оқу орындары мен дайындық курстарына,жұмысқа орналасты.
2019-2020 оқу жылында жылу беру маусымына Шиелі аудандық білім бөлімінің ұйымдарына қажетті отын қоры толықтай қамтамасыз етілді. Білім бөліміне қарасты 8 білім мекемесі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жылу жүйесі орталықтандырылған газға қосылды.
Оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша 2019-2020 оқу жылында Шиелі аудандық білім бөлімі мектептердің 1-11 сынып оқушыларына қажетті оқулықтарды сатып алуға жергілікті бюджеттен 186132,0 мың теңге, кітап тасымалына 5584,0 мың теңге қаржы қаралды. 2019-2020 жаңа оқу жылында 5, 6, 7 сынып оқушыларын «Өлкетану» оқулығының хрестоматиясымен қамтамасыз ету мақсатында 12971,0 мың теңге және 1- сынып оқушыларына жазу дәптер сатып алуға 6300,0 мың теңге көлемінде қосымша қаржы қаралды. Барлығы 19271,0 теңге. Қазіргі таңда білім бөлімі оқулықпен толық қамтамасыз етілді.
Шиелі аудандық білім бөлімі 2019 жылдың 22 ақпан күні мектеп директорларын атқарып отырған лауазымына сәйкестігін тексеру мақсатында аттестаттаудан өткізді. Жоғарыда аталған датадағы аттесттауға23 мектеп директоры қатысып, 21 мектеп директоры атқаратын лауазымына сәйкес деп танылса, 2 мектеп директоры қайта аттестаттауға жатады деп танылды. 2019 жылдың 4 маусым күні өткізілген аттестаттауға 15 мектеп директоры,3 қосымша білім беру мекеме басшылары және 7 балабақша меңгерушілері және 2019 жылдың 22 ақпан күні өткізілген аттестаттауда қайта аттестаттауға жатқызылған 2 мектеп директоры де қатысты. Нәтижесінде 11 мектеп директоры, 3 қосымша білім беру мекеме басшылары, 7 балабақша меңгерушілері атқаратын лауазымына сәйкес келеді деп танылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2018 жылғы 12 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес, мұғалімдерді жаңа жүйеде аттестаттау бойынша 2018 жылы мамыр-қараша айларында және 2019 жылдың маусым айында Ұлттық біліктілік тестілеу сынақтары болып өтті. Ереже талаптарына сәйкес, ұлттық біліктілік тестіліеу сынағына қатысқан 1588 педагогтың 994 педагог өтініш берген санаттары бойынша біліктілігіне ие болды. Аса қамқорлықты қажет ететін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.Олардың саны аудан бойынша – 67. Оның ішінде отбасылық тәрбиеге берілген бала жоқ болса,39-і қорғаншылықта,19 қамқоршылық тәрбиеде және 7 бала патронаттық тәрбиеде тәрбиеленуде. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында үкіметтік емес ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс беру арқылы әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы біліммен қамту үшін аудан 3 арнайы білім беру ұйым жұмыс жасайды. Ол 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК), 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мен 1 оңалту орталығы. Инклюзивтік білім алуға жағдай жасаған 2 балабақша және 10 мектеп жұмыс жасаса, 2019 жылдың желтоқсан айында 11 мектепке дефектолог штаты беріліп, инклюзивтік білім берумен жұмыс жасайтын мектептер саны көбейді.
Шиелі ауданындағы кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар бойынша. Тәуекел топтағы кәмелетке толмаған балаларды және отбасындағы сәтсіздікті ерте бастап анықтау жұмыстарын жолға қою мақсатында білім басқармасымен әдістемелік құрал мен алгоритмі жасалынды. 2019 жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша Шиелі ауданы бойынша әр түрлі сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыстар орын алған жоқ.
Биылғы жылы барлығы 592 оқушы мектеп бітірді, олардың 431-і , яғни 75 пайызы ҰБТ-ға қатысып, жалпы мектеп бітірушілердің 99 пайызы оқу орындарына түсті.
МӘДЕНИЕТ
Ауданда 27 мәдениет үйі мен клуб, 3 музей, 32 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетеді. 2018 жылы ауданда 3 республикалық, 6 облыстық, 1 500 аудандық қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар өткізілді.
Жыл басынан бері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы және Жастар жылына орай ауданда 5 облыстық, 3 республикалық, 1 халықаралық шаралар жоғарғы денгейде өткізілді.
Атап айтар болсақ: «Жырласа, жастар жырласын» атты республикалық дәстүрлі әнші-жыршылардың фестивалі, Н.Бекежанов атындағы «Нартай мұрасы» атты облыстық Нартай оқулары, «Мәдениет Қызмет Нәтиже» атты клуб қызметкерлерінің облыстық семинар-кеңесі, Ә. Тәжібаев атындағы «Сырда туған сыршыл ақын» атты облыстық мүшайра, «Жігіттің сұлтаны – 2019» атты облыстық жігіттер байқауы, Жиделіарық ауылының 90 жылдығы аясында «Жүйріктердің құт мекені – Жиделім» атты республикалық жас ақындар айтысы, Ә.Тәжібаев атындағы «Жыр дария» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция, «Үздік әдіскер – 2019» атты облыстық әдіскерлер байқауы, «Парасатты поэзия» атты жыр фестивалі жоғары дәрежеде өтті.
ІШКІ САЯСАТ
Шиелі ауданында қоғамдық – саяси және діни ахуал тұрақты.
Аудан бойынша телерадиохабарлары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізуге – 15 млн 512 мың теңге, қоғамдық – саяси ахуалға әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу арқылы мониторинг жасау қызметін ұйымдастыруға – 1 млн 470 мың теңге, әлеуметтік жобалардың іске асырылуына – 17 млн 153 мың теңге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін сатып алуға – 9 млн 962 мың теңге қаржы бөлінді.
Елбасы Н.Назарбаевтың бағдарламалық мақалаларының, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына алғашқы Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру мақсатында кездесулер ұйымдастырылып, ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауына аудан бойынша 47 отбасы қатысып, облыстық кезеңде 20 отбасы, республикалық кезеңде 3 отбасы жүлделі орындарға ие болды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасыаясында «Этноауыл», «Тұлғатану» жобалары жүзеге асырылды.
Шиелі ауданы бойынша 12 Үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде 9 қоғамдық бірлестік, 3 қоғамдық қор. Діни бірлестіктер саны – 33.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, аудан бойынша 14 пен 29 жас аралығында жастар саны – 20 129. Оның ішінде, кент жастары – 8 430 (41,8%); ауыл жастары - 11 699 (58,2%); Жастар аудандағы халықтың 25 пайызын құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,7 пайыз болды.
Жыл басынан бері жастар жылы аясында жастар саясатын дамыту бағытында түрлі форматтағы 142 шара ұйымдастырылды, 16 398 жас қамтылды.
Аудан бойынша барлық ауылдарда аудан әкімінің көшпелі жастар кеңесі өткізіліп, аудан әкімінің «Серпін» жастар сыйлығы 10 жасқа табысталды.
Сонымен қатар, ауданда 2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 6 млн 126 мың теңгежергіліктен бюджеттенқаржы бөлінді.
Жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 2100 жастың 98,2 пайызы жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды. «Еңбек» бағдарламасы аясында тұрақты жұмысқа – 792 жас, техникалық және кәсіптік білім алуға – 199 жас, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына – 98 жас, мемлекеттік грант – 180 жас, шағын несие – 45 жас, «Бастау Бизнес», «Жас Кәсіпкер» жобалары аясында кәсіпкерлік оқытуға – 410 жас, жастар тәжірибесіне – 376 жас, әлеуметтік жұмыс орындарына – 53 жас, ақылы қоғамдық жұмысқа – 163 жас қамтылды.
2020 жыл Президентіміз Қасым-Жомар Тоқаевтың ұсынысымен «Волонтер» жылы болып жарияланды. Ауданда волонтер жылына орай жаңа бастамалар, жобалар жүзеге асырылатын болады.
СПОРТ
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спорттың даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі бірінші кезең 2016-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Дене шынықтыру және спортты дамыту бағытында ауданда 2 стадион, 3 спорт кешені, 37 спортзал, 121 спорт алаңдары жұмыс жасайды. Соңғы 3 жыл көлемінде 6 спорт кешені мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында пайдалануға берілсе, биыл тағы 2 спорт кешені пайдалануға берілетін болады.
Ауданда 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және Шиелі спорт клубы бар, оған 3742 жасөспірім спорттың 19 түрінен секцияларға тартылған, бұл көрсеткіш аудан бойынша балалардың 47 пайызын құрап отыр.
Сонымен қатар, облыстық дене шынықтыру спорт басқармасы тарапынан ауданда арнайы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасайтын арнайы маман жұмыс жасауда. Меншік нысандарына қарамастан барлық спорттық ғимараттар кіреберісі арбаларға арналған пандустармен қамтамасыз етілген.
Шиелі ауданы бойынша 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысушылар саны 23780 адамға жетіп, шұғылданушылар үлесі 30% пайызды құрап отыр.
Ұлттық және бұқаралық спортты дамыту, насихаттау мақсатында 2019 жыл басынан бері күнтізбелік жоспарға сәйкес 96 аудандық, 6 облыстық, 3 республикалық іс-шара өткізілді. Оның ішінде отбасылық жарыс, велошеру, ұлттық спорт түрлерінен және мекеме қызметкерлері арасында жүгіру, жарыстары өткізіліп келеді.
2019 жылы аудан спортшылары облыстық жарыстардан 87 алтын, 71 күміс, 92 қола алса, республикалық жарыстармен Қазақстан Республикасының чемпионатында 23 алтын, 21 күміс, 23 қола медальдар иеленді. Ұлттық құрама мүшелігіне 3 спортшы енгізілген.
Қазан айының 2-6 күндері Қармақшы ауданында өткен облыстық ауыл спортшыларының «Алтын – күз 2019» спартакиадасында Шиелі аудан құрама командасы спорттың 16 түрінен қатысып жүлделі екінші орыннан көрінді.
Аудан бойынша 5 жас – Әлем және Азия біріншілігінің жүлдегерлері, 50-ден астам жастар республикалық турнирлердің чемпиондары.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Шиелі ауданы бойынша аудандық аурухана, аудандық емхана, 20 дәрігерлік амбулатория, 13 медициналық бекет, 3 фельдшерлік - акушерлік бекет қызмет көрсетеді.
Амбулаториялық емханалық мекемелер бойынша барлығы 161 дәрігер, 742 орта буынды медицина қызметкері жұмыс жасайды.
Олар медициналық қызметтің 27 түрі бойынша мамандандырылған көмек көрсетеді.
Ауданда медициналық мекемелердің материалдық жағдайлары жақсарып, денсаулық сақтау жүйесі жылдан-жылға дамып келеді. Жоба-сметалық құны 5,5 млрд 41 млн теңгені құрайтын аурухана құрылысы толығымен аяқталып, 14 желтоқсан күні пайдалануға берілді.
Емдеу мекемелерінің материалдық техникалық базасын жақсарту мақсатында ауданаралық аурухананың жаңа ғимаратына қаржысы 2 млрд 226 млн теңге құрайтын құрал-жабдықтар беріліп отыр. Ауруханада қолданыста бұрын да болған, бірақ қызметі бірнеше есе жетілдірілген лапароскопиялық ота жасайтын видеостойка, жаңа туған нәрестеден бастап ересектерге дейін қолдануға болатын жасанды желдендіру аппараттары, шала туылған нәрестелерді бірқалыпты жылуда ұстап тұратын кювездер, ауыр жағдайдағы науқастардың жатуына ыңғайлы тоқпен көтеріліп-түсетін функционалды кереуеттерден бөлек, бұрын-соңды аудан көлемінде пайдалануда болмаған техникалық жабдықтар да кездеседі.
Жалпы 2018-2019 4 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық бекет, 1 ФАП, 1 аурухана пайдалануға берілсе, 2020 жылға тағы да 6 дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында басталуда. 2020 жылы толық пайдалануға берілетін болады.
ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚ
2019 жылы барлық сала бойынша тіркелген қылмыстар 333-тен 259-ға яғни 22,2 пайызға төмендеген. Бөтен мүлік ұрлығы қылмыстары 210-нан 162-ге – 22,9 пайызға, оның ішінде мал ұрлығы 52-ден 56-ға – 7,7 пайызға, пәтер ұрлығы 30-да 30-ға тұрақталып, есірткіге байланысты қылмыстар 13-тен 20-ға – 53,8 пайызға, кісі өлтіру 0-ден 2-ге – 100 өсім алса, алаяқтық қылмыстары 16-дан15-ке – 6,3 пайызға, бұзақылық 16-дан 14-ке – 12,5 пайызға, тонау 8-ден 1-ге – 87,5 пайызға, қарақшылық 1-ден 0-ге-100,0 пайызға, денсаулыққа қасақана ауыр дәрежелі дене жарақатын салу 4-те 1-ге – 75,0 пайызға, зорлау 2-де 1-ге, бопсалау қылмыстары 2-ден 0-ге – 100 пайызға төмендеген.
2019 жылы аудан көлемінде 37 /2018 жыл 53/ жол көлік оқиғасы орын алып, жол апаттарынан 54 азамат /2018 жылы 68/ әртүрлі дене жарақаттарын алса, 7 азамат /2018 жылы 9/ қайтыс болды.
Жол көлік оқиғаларының 17-і тәуліктің түн мезгілінде, 20-ы күндізгі уақытта орын алған.
Жол көлік оқиғаларының 12-і кент орталығында (Әл-Фараби, Ы.Жақаев, Абылайхан, Шәкәрім, Дәулеткерей, Әбдікәрімов, Бәкіров көшелері мен Арай м/а), 11-і Батыс Қытай – Батыс Европа тас жолы бойында, 1-і Қызылорда-Павлодар тас жолында, 1-і Еңбекші, 4-і Сұлутөбе, 2-еу Алғабас, 1-і Тәжібаев, 1-і Балаби, 1-і Бидайкөл, 1-і Ақмая, 1-і Алмалы, 1-і Қарғалы ауылдық округінде орын алған.
Жол көлік оқиғаларына 8-і қарама-қарсы бағытқа шығып соқтығысқан, 2-і автокөліктің жанымен келіп соқтығысқан, 15-і жүргізушінің рөлге ие бола алмауы, 3-і тұрған автокөлікке соққан, 2-еуі малды қағып кетуі, 7-еуі жаяу жүргінші қағып кетуі себепші болған.
Аудан көлемінде жол көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында 2019 жылы «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Құқық тәртібі», «Абайлаңыз балалар» секілді жедел профилактикалық іс-шаралары республика, облыс және аудан көлемінде 26 мәрте өткізілді.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 29.12.2015 жылғы «Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» №1095 бұйрығының 5 тарауы 29 тармағына сәйкес 2017 жылдың 1,2,3 тоқсанында толығымен тұрғын халық алдында есеп беру жиындары өткізіліп, ҚР ІІМ-нің 2019-2020 жылдарға арналған «Ұрлықтарға қарсы іс-қимыл» жөніндегі бағдарламасына сәйкес, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына және ауыл әкімдіктеріне ұсыным хаттар жолданып, ұрлық қылмыстарының алдын-алуда УПИ-мен халық алдында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық прокуратурамен құқық бұзушылық пен қылмыстық жағдай және оның алдын алу жайлы ведомствоаралық мәжіліс өткізілді. Мәжіліс барысында 2019 жылы орын алған кемшіліктерді болдырмау үшін нақты тапсырмалар берілді, сондай-ақ мәжілісте қозғалған тақырыптарға байланысты аудан ардагерлерінің де ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ
Ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамту орталығына 3532 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелді.
Жұмыс іздеуші азаматтардың 1640-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұл жұмыс іздеушілердің 46,4 пайызын құрайды.
2076-сы мемлекеттік қолдау шараларымен, яғни, ұзақ, қысқа мерзімді оқыту курстары, мемлекеттік грант, шағын несиелендіру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі және ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды.
2017 жылы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады, 2018 жылы 4,9 пайыз, ал 2019 жылы 4,8 пайызды құрап отыр.
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 23 мүгедекке бөлмелік кресло–арба, 32 мүгедекке серуендік кресло–арба, 14 мүгедекке жетек арба, 17 мүгедекке балдақ, 121 мүгедекке таяқ берілді. 188 мүгедектен протезді-ортопедиялық құралдар алуға өтініштер қабылданды. Бүгінгі күнге барлық қызмет түрлері бойынша құжаттар қабылданып, орындалуда және е-собес жүйесіне енгізілуде.
Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 130 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 132 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.
Облыс орталығындағы мүгедектерге арналған оңалту орталығына 75 мүгедек жіберілді.
«Думан-Шиелі» күндізгі болу орталығына 260 ардагерге және 40 мүмкіндігі шектеулі балаларға жолдама берілді.
«Алақай – Нұр» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінде 8 мүгедек бала тәрбиеленуде.
Облыстық бюджеттен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңістің 74 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне және мінсіз әскери қызметі үшін марапатталған ардагерлеріне 808,0 мың теңге қаралып, 606,0 мың теңге игерілді. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне (40 АЕК) 101000 теңгеден 1 адамға, тылда қажырлы және мінсіз әскери қызметі үшін марапатталған ардагерлерге (20 АЕК) 505000 теңгеден 10 адамға, 1941-1945 жылдар аралығында тылда 6 айдан кем емес еңбек еткен 545 ардагерлерге (30 АЕК) 75750 теңгеден төленіп, 41284,0 мың теңге игерілді. 39 ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне 3939,0 мың теңге, 30 Семей сынақ полигонына тікелей қатысушылар мен мүгедектеріне 2272,5 мың теңге қаралып, төленді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына 92 адамға 697,0 мың теңге қаралып, игерілді.
Жергілікті бюджеттен 2019 жылға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңістің 74 жылдығына орай, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне (40 АЕК) 101000 теңге, тылда қажырлы және мінсіз әскери қызметі үшін марапатталған ардагерлерге (30 АЕК) 75750 теңгеден, 31 Чернобыль АЭС апатының қатысушылары мен 14 кеңес Армиясының мүгедектеріне (30АЕК) 75750теңгеден тағайындалып, төленді.
Облыстық бюджеттен сүйемелдеу сатысындағы туберкулезбен ауыратын 102 адамға 30906,0 мың теңге қаралып, 157 адамға 22429,3 мың теңге қаржы игерілді. Сонымен қатар лейкозбен ауыратын 3 балаға емделуге 691,0 мың теңге төлем жүргізілді. Үйден оқытылатын мүгедек балаларға биылға 123 балаға 8698,0 мың теңге қаралып, 141 балаға 5152,3 мың теңге қаржы тағайындалып, төленді.
«Отан», «Даңқ» ордендерімен марапатталған, Халық қаһарманы және ҚР-ның т.б. құрметті атақтарына ие болған 5 азаматқа 296,0 мың теңге қаралып, 2 азаматқа 105,6 теңге төленді.
Аудан әкімдігінің 2019 жылға арналған «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы бойынша сотты болғандар үшін 7 орынға және мүгедектер үшін 10 орынға квота бекітіліп, қаулы 100 пайызға орындалды.
Төмен деңгейде жалақы алатын жұмыскерлердің жалақысын көтеру жұмыстары бойынша, жалпы алғанда 2019 жылы аудан бойынша іске асырылып жатқан мемлекеттік, үкіметтік және салалық бағдарламалар аясында барлығы 407 жаңа жұмыс орны жоспарланып, 410 азамат жұмыспен қамтылған.Сонымен қатар жеке бастамалар бойынша 122 жаңа жұмыс орны құрылып отыр.
Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі бойынша
2019 жылы 463 неке тіркелді, 155 – ажырасқандар, қайтыс болғандар – 360, 1469 бала дүниеге келді.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында техникалық және кәсіптік білім даярлау бағытында нысаналы топтағы яғни, көпбалалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасы балалары қатарынан 199 азамат 3 жылға дейінгі мерзімді құрайтын 14 кәсіптік білім беру оқу орындарына жолданып, оқытылуда.
Қысқа мерзімді оқыту курстарына 182 азаматты оқыту жоспарланып, бүгінгі күнге «тігінші», «пішуші», «аспазшы», «құс өсіруші», «шаштараз шебері», «маникюр шебері» мамандықтары бойынша оқу орындарына 18 азамат жолданды. Оның ішінде «тігінші» мамандығы бойынша 20 азамат оқуын аяқтап, 21 азамат тұрақты жұмысқа, 6 азамат мемлекеттік грант алды
Бағдарламаның екінші бағыты «Бастау-Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға ағымдағы жылы 393 азамат жолданып, бүгінгі күні оның 226 оқуды аяқтап сертификат алса, бизнес жобаларын қорғап шыққан 218 азаматқа мемлекеттік грант, 138 азаматқа шағын несие беріліп, өз кәсіптерін ашуда.
Ағымдағы жылы 100 азаматқа 100 АЕК (252500 теңге) мөлшерінде, 200 жастар мен көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылардың мүшелеріне 200 АЕК (505000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес- идеяларды іске асыру бағытында мемлекеттік грант берілу жоспарланып, бүгінгі күнге 77 азаматқа 252500 теңге, 141 азаматқа 505000 теңге мөлшерінде, жалпы 218 азаматқа мемлекеттік грант берілді. Сонымен қатар 138 азаматқа 497250,5 мың теңге көлемінде шағын несие беріліп, кәсіптерін ашуда. Қосымша 156 жаңа жұмыс орны құрылды.
Бағдарламаның үшінші бағыты аясында 86 азаматты жалақыны ішінара субсидиялау арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруға жалпы 30109,0 мың теңге қаржы бөлініп, жыл басынан 137 азамат әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуде. Бүгінгі күнге келісім шарт мерзімі аяқталған 59 тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Биылғы жылы 334 жас азаматты жастар тәжірибесінен өткізуге жалпы 127 063 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге жалпы 376 азамат жастар практикасында жұмыс істеуде. Келісім шарт мерзімі аяқталған 87 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Сондай-ақ 575 азаматты ақылы қоғамдық жұмысқа тарту бағытында жалпы 148 877 мың теңге қаржы бөлініп, 520 азамат әртүрлі құжаттарды түптеу, реттеу және санитарлық тазалық жұмыстарына жолданды. Келісім шарт мерзімі аяқталған 34 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге 2019 жылдың 25 желтоқсанына 3648 отбасының 17242 мүшесіне 2 млрд 227 млн 756 мың теңге төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі 367 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды, яғни 191 (52 %) азамат тұрақты жұмысқа орналастырылып, 151 (41%) азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 6 (2%) азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 8 (2%) азамат жастар тәжірибесіне және 11 (3%) азамат қайта даярлау, біліктілігін арттыруға жіберілді.
Жаңадан енгізілетін жәрдемақыға 4 немесе одан көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді деп жоспарлануда. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады.
КАДР САЯСАТЫ
Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің штат саны 213 бірлікті құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны бүгінгі таңға 210 адамды құрап отыр.
Нақты қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің 200 немесе 93,8% жоғары білімді. Аудандағы мемлекеттік органдарда басшы құрамдағы лауазымдардың штат саны 66 бірлікті құрайды.
2019 жылдың басынан бастап 80 қызметші оқытылды. Оның ішінде қайта даярлаудан 13, ал біліктілігін арттыру курстарынан 67 мемлекеттік қызметші өткізілді.
Сынақ мерзімін тағайындау мәселесіне тоқтар болсақ, мемлекеттік қызметке алғаш рет және оны тоқтатқаннан кейін қайта келген 28 тұлғаға 3 ай сынақ мерзімі белгіленіп, оның ішінде 16 тұлғаға тәлімгерлер бекітілген.
Ағымдағы жылдың басынан бастап барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда 36 бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізілді.
Жалпы 55 конкурсқа хабарландыру жарияланды.
Конкурстарға 57 адам қатысып, орта есеппен бір орынға 1,5 адамнан келді.
Өткізілген конкурстар нәтижесінде 36 (оның ішінде, І ішкі конкурс – 12, ІІ ішкі конкурс – 6, жалпы конкурс - 12 үміткер бос лауазымдарға қабылданды.
Өткізілген конкурстың ішінде үміткерлер құжат тапсырған
36 конкурстың 100% қоғамдық байқаушылардың қатысуымен өткен.
Персоналды басқарудың «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне қосылған мемлекеттік органдарда жүйеге құжаттарды тек автоматты түрде енгізілу қатаң тапсырылып, қатаң бақылауда ұсталып келеді.
Бүгінгі күні Шиелі ауданы әкімдігіне қарасты кент және ауылдық округтар мен дербес бөлімдерге VPN каналы жүргізіліп, қазіргі күні 100% барлық мемлекеттік органның жауапты қызметшілері жүйемен жұмыс жасап отыр.
Құрметті аудан тұрғындары!
Тарихы терең Сыр елінің, көне дария-өзеннің орта ағысынан орын тепкен Шиелі өңірі – киелі мекен, талай тарихи оқиғаның куәсі болған байырғы өлке.
Өздеріңіз білетіндей, Сырдың маржанына теңелген киелі Шиелі жері адал еңбек пен ерен ерліктің үлгісін көрсеткен облыстағы 102 Социалистік Еңбек Ерінің 40-ы шыққан, 10 ғасыр адамының 5-еуі шыққан тарлан саясаткер, даңғайыр диқан, зерделі ғалым, жезтаңдай әнші мен арқалы ақын, жүректерге жол тапқан сазгерлер өлкесі.
«Алты Алаштың – анасы» атанған Сыр өңірінің ең шұрайлы, ең көрікті аймағын мекен еткен Шиелі ауданы әрдайым тұрақтылық пен ынтымақтың жоғарғы үлгісін көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалардың өз мерзімінде жоғарғы дәрежеде орындалуына өзіндік үлесін қосып келеді. Елімізде жасалып келе жатқан жұмыстардың барлығы адам үшін, адамның игілігі үшін екендігі айқын. Мемлекеттік органдар тұрғындардың жайлы өмірі мен ауызбірлігін қамтамасыз ете отырып, болашақтың іргесі берік қалануына еңбек етуде. «Мәңгілік Ел» ол қуатты экономиканы дамытудың, білім, мәдениетіміздің өркендеуі мен адамдардың денсаулығын жақсартудың, рухани жаңғырудың негізінде жүзеге асады.
Жаңа 2020 жыл – жаңару мен тың серпінді жобаларды іске асыру жылы. Атқарылар жұмыс көп, мақсат-міндеттер де жоғары, жоспарланған жұмыстарды жүргізуге барлық мүмкіндіктер бар деп есептеймін. Аудан халқы ауызбірлікпен, ынтымақпен келер жылы да толағай табыстарға жетеді деп сенемін!