Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Неден болғаны 10 қаңтарда жария етіледі - Берік Камалиев

Неден болғаны 10 қаңтарда жария етіледі - Берік Камалиев

Ұшақ апаты. Неден болғаны 10 қаңтарда жария етіледі - Берік Камалиев
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты. 
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 10 қаңтарға дейін үкіметтік комиссия әуе апатының алдын ала себептерін жария ететін болады. Сонымен қатар осыған дейін айтып өткенімдей, бүгін Мемлекетаралық авиация комитетінің сарапшысы келеді. Экипажға қатысты айтар болсам, ұшулар туралы ережеге сәйкес, әуе кемесі ұшу алдында олар медициналық тексеруден өтеді. Олар медициналық тексеруден Алматы қаласы әуежайының медициналық пунктінен өткен, -деді вице-министр. 
Оның айтуынша, "Fokker-100" ұшағы 1996 жылдың 8 ақпанында шығарылған. Оның 2020 жылдың 21 мамырына дейін ұшуға сертификаты бар. 
Ұшақ бұған дейін Алматы қаласындағы Bek Air компаниясының авиациялық-техникалық орталығынан тексеруден өтті. Әуеде ұшу уақыты – 44 362 сағат. Тексерістен кейін 361 сағат ұшқан. Апатқа ұшыраған "Fokker-100" ұшағы соңғы рейсін 25 желтоқсан күні Атырау-Алматы бағытында орындады, - деді Берік Камалиев.
Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды. Және ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын.


28 желтоқсан 2019 ж. 386 0