Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Апат айтып келмейді

Апат айтып келмейді

27 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 7:30 шамасында Алматы маңына Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Алматы әуежайының хабарлауынша, №2100 рейспен Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан ұшақпен байланыс жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7:05 кезінде үзілген. Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақта 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.

«Bek Air» әуе компаниясының ұшағы аэродромнан аулақта құлады. Аман қалғандар бар. Апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Апаттың салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 15 адамның қаза болғаны анықталды. Осыған сәйкес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады.
Сондай-ақ Президент ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтқан еді. Осы орайда Шиелі ауданының халқы апаттан қаза тапқандардың ағайын-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

«Өскен өңір» ақпарат
28 желтоқсан 2019 ж. 658 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930