Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2018 жылдың соңына дейін 70 мемлекеттік қызмет электрондық форматқа көшеді

2018 жылдың соңына дейін 70 мемлекеттік қызмет электрондық форматқа көшеді

 




ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асу барысымен таныстырды.

«Денсаулық сақтау министрлігі саланы цифрландыру шеңберінде елдің барлық медициналық мекемелерінде, оның ішінде 700-ден астам дербес денсаулық сақтау ұйымында сандық технологиялар енгізген. 15 миллионнан астам адамның денсаулық тарихы электрондық денсаулық паспортында жүргізіледі. Қазір халықтың денсаулық жағдайы туралы ақпараттың көлемі 18 терабайтты құрайды. Медициналық мекемелердің 95 пайыздан астамы цифрландырылды. Бұл дәрігерге бару және емханалардағы кезектерді 2 есе қысқартуға мүмкіндік береді. Медициналық ұйымдардың 83 пайызы компьютермен жабдықталып, 100 пайызы интернет желісіне қосылды», - деді Щеглова Мәжілісте өтіп жатқан жиында.
Вице-министр мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіруге қатысты дерегімен бөлісті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта арнайы тізілімде 741 мемлекеттік қызмет бар, бұның 454-і электрондық түрде көрсетіледі.
«Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстар жалғасып, осы жылдың соңына дейін 70 мемлекеттік қызмет электрондық түрге көшеді. Жалпы, 2019 жылы электрондық қызметтердің үлесі 80 пайыз болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 90 пайызға жетеді», - деді Динара Щеглова.


     БАҚ.кз
15 қараша 2018 ж. 1 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031