Министр: Лондонда қазақтың құрақ көрпесін мыңдаған фунтқа сатып алады
BAQ.KZ тілшісі. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бүгінде микро, шағынМинистрдің айтуынша, перспективалы бағыттардың бірі - былғары және теріден жасалынатын өнімдерді шығару.
Мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болған кезде өте қызықты бағытты қолға алып, дамытқан едік. Бұл – қазақтың ұлттық дәстүрлі тәттісі қоспаны әзірлеу және көрпелер. Біздің көрпелер Лондон нарығында бірнеше мыңдаған фунтқа сатылып кетеді екенін білдік (1 доллар - шамамен 0,77 фунтты құрайды). Бұл дегеніміз – үй шаруасындағы әйелдер үйде отырып істей алатын жұмыс, - деді министр тілшілердің сауалына жауап бере отырып.
Сұлтанов көршілес ресейлік, өзбекстандық нарықтармен салыстырғанда, ішкі нарық шағын болғанымен, біздің елде көптеген мүмкіндіктер бар екеніне назар аударды.
Мәселен, бұл бірінші кезеңде күрделі процестерді қажет етпейтін тамақ өнімдері, өнеркәсіптік өнімдер саласында мүмкіндік жетеді. Сіз өзіңіздің қолыңызбен жасай алатын ойыншықтарды да нарықта ұсына аласыз. Шағын кәсіпорындарға өте маңызды сала – туризмді игеруге кеңес берер едім, - деді ол.
Роза Ысқақ және орта кәсіпкерлікпен айналысу аса тиімді екенін айтты.