Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Киелі жердегі келелі іс

Киелі жердегі келелі іс


Сыр бойы – көне ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұралар мекені. Солардың бірі – аудан іргесінде орналасқан «Оқшы ата» мазараты. Мұнда Оқшы ата, Асан ата, Ғайып (Қайып) ата, Қыш ата, Кітап ата, Қабыл ата, ­Есабыз әулие сынды елге белгілі жеті әулие жерленген. Осындай тарихи-мәдени мұраларды қорғау – халқымыздың сан мың ғасыр бастан кешкен тарихын, мәдениетін, өнерін, салтын, тілін қорғау деген сөз.
Туған жердің тарихын, тау-тасын, өзен-көлін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс. Осы мақсатта жүргізіліп жатқан жұмыстар да аз емес. Өткен сенбіде аудан ардагерлері «Оқшы ата» мазаратында бас қосып, мұндағы атқарылып жатқан келелі істермен танысты.
Әуелі «Оқшы ата» мешітіне бас сұғып, бабалар рухына Құраннан дұға бағыштады. Мұнан соң аудан әкімі Әшім Оразбекұлы жолаушыларға киелі жердегі әулиелерді таныстыратын арнайы орын мен намазхананың құрылыс барысымен таныстырды. «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді» демекші, ақсақалдардың батасымен киелі орынға жүздеген ағаш көшетін отырғызды. Ауданның ардагер Пердәлі Архабаев та өз ойын ортаға салып, көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, кеңесін аямады. Киелі орындағы келелі іс барысымен танысқан ақсақалдар тек ризашылығын білдіріп, тілеулес екендігін айтты.
Қалкөз Өтемұрат имамдық ететін бұл мешіт маңы жылдан-жылға гүлденіп келеді. Түрлі жеміс ағаштарымен қатар, көз тартатын гүлдер де бой көрсетуде. Ал енді «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жол бойының тұсына егілген көшеттер киелі орынның ажарын айшықтай түсетіні анық.

Е.ДАТҚА

10 желтоқсан 2019 ж. 821 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930