Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Баба алдындағы борыш

Баба алдындағы борыш


«Оқшы Ата» кешенінде қыпшақ шежіресіндегі Торы атаның бесінші ұрпағы Қожамсүгір бабаға кесене қойылып, Есабыз әулие кесенесі қайта тұрғызылды.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы  өткенімізді бағамдаудың өнегелі жетекшісі болды. Топырағын түртіп қалсаң, қарт тарихтан хабар беретін киелі Шиелі жерінде аттары аңызға айналған жеті әулие – Оқшы ата, Асан ата, Есабыз әулие, Ғайып әулие, Досбол би, Қыш ата мәңгілік мекенін тапқан. Тоқсан екі баулы қыпшақтағы Торы атаның бесінші ұрпағы, тарихы өнегеге толы  Қожамсүгір бабаға ұрпақтары кесене тұрғызып, ашылу  салтанатын өткізді. Құран бағыштаудан бастау алған шараға аудан әкімі Әшім Оразбекұлы қатысты. Бабамыз тәңір тарту еткен ерекше қабілетімен танылған ғұлама, Меккеге дейін барып қасиетті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хақ ілімінен дәріс алып қана қоймай, айрықша дарынымен танылып, шахардың билеушісі Әбдішүкір халифке шәкірт болған. Ал, ең бастысы, қала басшысы Тұран ойпатынан келген талантты жас­ты өзіне етене жақын тұтып, туған қызын некелеп қосып, күйеу бала еткені  тағылымды оқиға. Шамасы осы кезде бабамыздың жасы 19-20-ға аяқ басқан секілді. Бірінші ұлы Есабыз бабамыз сол Меккеде өмірге келген. Жиеннің жасы бірден асқанда  Әбдішүкір халифа қызы мен күйеу баласын жан-жағын жасақ қоршаған үлкен көшпен туған жері Тұран даласына қарай аттандырып салады. Мекке халифаның білім іздеп айшылық жерден барған  жас балаға өз қызын  қалауымен қосуы оның арғы тегін танып, болашағынан үлкен үміт күткенін көрсетсе керек. Әрі ғұлама, әрі батыр Қожамсүгір қол бастап ел шетіне тиген жауға қарсы жорықтарға қатысқан.  Бүгінде Қожамсүгір бабадан өріс алған ұрпақ өркен жайып, өсіп-өніп тәуелсіз еліміздің бір қауымына айналып отыр. Баба алдындағы борышын адал атқарған ұрпақтары мұнымен ғана тоқталмай, Есабыз әулие кесенесін қайта тұрғызды. Бүгінгі игілікті іс ұрпақтар сабақтастығының  тамыры тереңде жатқанын дәлелдегендей. Ұлтымыздың ұлы тұлғаларын жақын танып, туған жер, ел тарихын көкірекке құя жүру баршамыз үшін таптырмас құндылық. Болашақ ұрпаққа өшпес өнеге.
Бекжан Ержігіт.
27 қазан 2018 ж. 2 874 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930