Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиеліліктер танымал актермен кездесті

Шиеліліктер танымал актермен кездесті

Қызылорда қаласында ұйымдастырылған «Жастар күні» байқауында «Тұлғантану» жобасы іске асырылды. Аудан және облыс жастары Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері Жомарт Зейнәбілмен кездесті. Ол – Шиелі ауданы, Тартоғай ауылының тумасы, №45 «Ақ-Орда» мектеп-гимназиясының түлегі. Кездесу барысында өнерімен өрге жүзген жан өз шығармашылығымен таныстырды әрі монолог оқып, қатысушыларды бір серпілтіп тастады. «Тұлғатану» жобасы аясында өткен кездесуде қазақ сериалдарының бүгінгі хал-ахуалы, киноларының қос тілділігі жайлы сөз қозғалды. Жомарт Зейнәбіл жастардың ұлттық киноға алаңдаушылық танытқанына ризашылығын білдірді. Сонымен бірге жас буынға Б.Соқпақбаев, І.Есенберлин, М.Әуезовтің шығармаларын оқуға кеңес берді. Айта кетейік, 15 қараша күні Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ауданға іссапармен келіп, театрлық қойылым қояды. Бұл туралы ол кездесу барысында мәлімдеді. «Тұлғатану» шарасының соңында аудан әкімінің орынбасары Б.Лепесұлы Жомарт Зейнәбілге Ә.Тәжібаевтің төсбелгісін тарту етті.

"Өскен өңір" ақпарат 

16 қараша 2019 ж. 661 0