Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Мамин "Франция-Қазақстан" сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездесті

Мамин "Франция-Қазақстан" сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездесті

BAQ.KZ. ҚР премьер-Министрі Асқар Мамин "Франция-Қазақстан" сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Жерер Фриестің жетекшілігімен палата өкілдерін қабылдады, деп хабарлады ҚР Үкіметінің ресми сайты.

Франция Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктестерінің бірі. Біздің елдеріміздің арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенді дамуда. Француз компаниялары энергетика, ауыл шаруашылығы, машина жасау және Қазақстан экономикасының басқа да секторларында кеңінен тартылған, - деді Асқар Мамин.

Биыл 9 айда Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 6%-дан астамға $3,4 млрд-қа дейін өсті. ҚР экономикасына тікелей француз инвестицияларының ағымы осы жылдың бірінші жартысында 24%-ға $537 млн-ға дейін артты.

Қазақстанда түрлі салаларда француз капиталының қатысуымен 230-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде Total, Orano, Alstrom және басқалары тәрізді ірі трансұлттық корпорациялар бар. Тәуелсіздік жылдары Франция компаниялары Қазақстанға $16,4 млрд-тан астам инвестиция салды.

Үкімет басшысы мен француз компаниясының өкілдері екі елдің бизнес құрылымдары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және Қазақстанда бірлескен жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Кездесуге ҚР сыртқы істер министрі М. Тілеуберді, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев, қаржы вице-министрі Р. Бекетаев қатысты.


07 қараша 2019 ж. 37 0

Қоғам

Мейірімі мол мереке
16 қараша 2019 ж. 106

Киімнің киесі бар ма?

16 қараша 2019 ж.

Бірегей болмыс иесі

16 қараша 2019 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (8740)

15 қараша 2019 ж.

№88 (8739)

12 қараша 2019 ж.

№87 (8738)

08 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам