Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр азаматтың абыройлы міндеті

Әр азаматтың абыройлы міндеті

Кеңес Одағы кезінде елім деген ерлер казармада сап түзеп, сабақ алудан еш жалтармайтынын алдыңғы буын өкілдерінен естіп жүрміз. Расында бұрнағы жылдары әр азаматтың Отан алдындағы борышын өтеуі бедел саналатын. Ол кезде жас жеткіншектер соғысты көрген аға-әкелерінен үлгі алып, соларға еліктеп, бойына ерік-жігер жинайтын. Тіпті ауыл-аймақтағы бойжеткендердің борышын өтеп келген азаматтарға ерекше назар салуы да жігіттерді әскерге баруға құлшындыратын. Ал қазір әскерге бармау үшін ерлердің сан түрлі сылтау ойлап табатынын құлағымыз естіп, көзіміз көріп жүр. Тіпті кейбір жігіттер әскерге бару десе ат-тонын ала қашады. Мүмкін шалғайға кетіп, парыз өтеу оңай емес дейтін болар көбісі. Алайда қазақ халқы жігері құм болып жасыған жігіттерден емес, ел басына күн туғанда алдыңғы шептен табылатын ерлерден көп үміт күтеді. Әрі-беріден соң «Бейбіт ел болғың келсе, соғысқа дайындал» деген бар емес пе? Болашақтың бүгіннен басталатынын ескерсек, біз де жігіттердің сақадай сай болуын қазірден қолға алуымыз керек. Ол үшін әрине әскердің атқарар рөлі зор. Бірақ мұны бүгінгі өскелең ұрпақ ұғынып жүр ме? Толығырақ газеттің №85 санында тарқататын боламыз. 
"Өскен өңір" ақпарат 
01 қараша 2019 ж. 613 0