Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балабақша қызметкерлерінің 40%-ында арнайы білім жоқ – Исимбаева

Балабақша қызметкерлерінің 40%-ында арнайы білім жоқ – Исимбаева

BAQ.KZ. ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Үкімет сағатында білім саласының қазіргі жағдайына тоқталды.

"Мемлекетіміз әрдайым білім мен ғылым саласына ерекше көңіл бөліп, қомақты қаржы жұмсап, оны дамытуға іс-шараларын іске асырып келеді. Соның бірі – ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдаралмасы. Бүгінде Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша бағдарламаның басым бөлігі іске асырылып, көрсеткіштер орындалып жатыр. Белгілі нәтижелер бар. Мәселен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары көбейіп, 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 95,2%-ы қамтылды. Қамту деңгейі жоғары, бірақ әлі 500 мыңнан астам бала өз кезегін күтіп отыр. Оның ішінде 1 жас пен 3 жас аралығында 437 мың бала бар. Осы санаттағы балаларды қамту тұрғысынан тиісті шаралар қабылдап, олардың да есебін жүргізу қажет", - деді вице-спикер.

Исимбаева балабақшаларды тиісті мамандығы бар кадрлармен қамту бойынша жоспарланған 50% көрсеткіш артығымен орындалып, қазір 60%-ға жуықтағанын айтты.

"Дегенмен мектепке дейінгі ұйымдарды бала тәрбиесі және оларды оқытумен айналысатын қызметкерлердің 40%-ға жуығында тиісті білімнің болмауы алаңдатады. Білім ұйымдарын білікті мамандармен қамтамасыз ету – білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі", - деді ол Мәжіліс қабырғасында өтіп жатқан "Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын ала қорытындылары туралы" Үкімет сағаты барысында.

21 қазан 2019 ж. 407 0