Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әзірленеді

Республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әзірленеді

BAQ.KZ. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы ҚР заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде баяндады.

«Аталған заң жобасы Мәжіліске 2019 жылдың 1 қазанында енгізілді. Заң жобасы Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы іс-шаралары, ҚР Тұңғыш президенті Елбасының Nur Otan партиясы XVIII съезінде берген тапсырмаларын, президенттің жыл сайынғы Жолдауларын іске асыру мақсатында Үкімет алдына қойылған бірқатар міндеттерді шешуге, сондай-ақ 2019 жылғы бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржы және бюджет комитеті заң жобасы бойынша 2019 жылғы 6 қарашаға дейінгі уақытта әзірлеуді қолдауларыңызды сұраймыз», - деп сөзін түйіндеді Қарақұсова.

02 қазан 2019 ж. 932 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930