Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бердібек Сапарбаев екі сиырмен қалай күн көруге болатынын айтты

Бердібек Сапарбаев екі сиырмен қалай күн көруге болатынын айтты

Вице-премьер Бердібек Сапарбаев екі сиырмен қалай ақша табуға болатынын түсіндірді. Саясаткердің сөзінше, ең алдымен малға дұрыс күтім жасау керек. "Бәріміз ауылдан шыққанбыз. Әрине 1-2 сиыр бағып өмір сүруге болады. Бірақ ол үшін жануардың жағдайын жасау керек. "Жем-шөп жоқ" деп шағымданады. "Жоқ-жоқ" дей берсе, ештеңе де болмайды. Ешкім жем-шөп әкеліп бермейді. Егер сиырды дұрыс қоректендірсе 7-8 литр сүт алуға болады. Мысалы, 2-3 литрін өзіңізге алсаңыз, қалған сүттен май, құрт не қаймақ алуға болады. Көбіміз ауылда өсіп, мал баққан елміз. Мәселе екі сиырда емес, мәселе еңбекқорлықта. 30 дамыған елдің қатарына кіргіміз келеді. Ол үшін балаларды жас кезінен еңбекке баулу керек", - деді вице-премьер "Жанұя" отбасылық институтын қолдау орталығының ашылу салтанатында.
26 тамыз 2019 ж. 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930