Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда атаулы көмек алатын 70 мың отбасы қайта тексеріледі

Қазақстанда атаулы көмек алатын 70 мың отбасы қайта тексеріледі

stan.kz 70 мың қазақстандық отбасының АӘК алу төлемдерді қайта қарастыруда. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

«Мемлекеттік көмек, әсіресе әлеуметтік көмек, мұқтаж адамдарға көрсетілуі керек. Өкінішке қарай, біз бірнеше рет атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде кейбір азаматтардың кірістерін жасырғаны туралы көптеген фактілерді хабарлаған болатынбыз. Кірісі 200-300 мың теңге болса да, жұмыспен қамту орталықтарына тапсырылатын құжаттарға 40-тан 60 мыңға дейін деп жазған», - деді Бердібек Сапарбаев үкіметтегі баспасөз конференциясында.

Вице-премьердің айтуынша, азаматтардың нақты кірістерін анықтау тұрғысынан тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде кадрлар орталығы жұмыс істейді, онда жұмыс істейтін және зейнетақы қорына жарналарын аударатын барлық қазақстандықтар туралы мәліметтер қабылданады. Осыған сүйене отырып, біз азаматтың жалақысын анықтаймыз және отбасы мүшелеріне байланысты осы отбасының кірісін анықтаймыз», - деді ол.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, 70 мың отбасының АӘК алу үшін төлемдерді қайта қарастыруда.

«Қазір біз жергілікті билікпен олардың нақты кірістерін нақтылау бойынша жұмыс жүргізудеміз. Себебі, бірнеше рет елбасы көмек мұқтаж адамдарға көрсетілуі керек деді. Яғни, біз тәуелділік пен кедейлікті ажырата білуіміз керек», - деді ол.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, бүгінде 21 мың отбасы АӘК-тен бас тартты.

23 тамыз 2019 ж. 995 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031