Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуетті арттырған әлеуметтік көмек

Әлеуетті арттырған әлеуметтік көмек



Жыл басында өткен «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде Елбасы Үкіметке халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірнеше тапсырма бергені белгілі. Соның бірі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу керектігін айтқан болатын.
Атаулы әлеуметтік көмек– бұл әлеуметтік жағынан аз қамтылған, күнкөріс деңгейі төмен және көпбалалы отбасыларға берілетін қаржылай төлем. Бұған дейін айтылғандай, 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі жеңілдетілді. Ол үшін тек АӘК алу жөнінде өтініш жазып, әр отбасы мүшесінің жеке куәлігін тапсырсаңыз болғаны. АӘК жөнінде кеңес алу үшін жұмыспен қамту орталығы мен ауылдық әкімдіктерге бару қажет.
Бекітілген жаңа заңға сәйкес 1 сәуірден бастап аз қамтылған және көпбалалы отбасында тәрбиеленіп отырған әр балаға 20789 теңгеден және олардың ата-аналарына да заңда көрсетілген тәртіппен жәрдемақы тағайындау жүзеге асып келеді. Алдын ала жоспар бойынша атаулы әлеуметтік көмекке ауданнан 876 отбасы жүгінеді деп жоспарланған. Дегенмен қазіргі таңда 1155 отбасы жәрдемақының шарапатын сезінуде. Нақтырақ айтсақ, бүгінгі күнге дейін барлығы 100 млн 462 мың теңге жәрдемақы берілген. Оның ішінде 1024 отбасыға яғни, 5543 тұрғынға шартты атаулы көмек тиесілі болса, 558 азамат шартсыз көмекке ие болды.
Жаңа заңның ерекшелігі – әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамтуға да жағдай жасауында болып отыр. Бұл орайда 169 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Яғни, 62 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылып, 102 азамат ақылы қоғамдық жұмыста, 4-еуі әлеуметтік жұмыс орнында және 1 азамат жастар тәжірибесімен еңбек етіп жатыр.

Г.Сәбитқызы.
15 мамыр 2019 ж. 1 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930