Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапарбаев 18 мың отбасыға неге АӘК берілмегендігін түсіндірді

Сапарбаев 18 мың отбасыға неге АӘК берілмегендігін түсіндірді

СапаÑбаев 18 мÑÒ£ оÑбаÑÑÒа неге ÐÓРбеÑÑлмегендÑгÑн ÑÒ¯ÑÑндÑÑдÑ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде 18,5 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көтеруден бас тартылды. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қандай шаралар қабылданып жатқанын, мұнан ары не істейтіндігімізді сөз сөйлеуім кезінде айттым, тағы да қайталап айтамын. Ең бастысы биылғы жылға 130 млрд теңге қарастырылған. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 67 млрд теңге жұмсалды. Атаулы әлеуметтік көмек бөлуді сайлаумен байланыстыруға мүлдем болмайды. Біздегілер солай болжам жасағанды жақсы көреді. Бірнәрсе болса қалса барлығы да сайлаумен байланыстыра қояды», - деді министр.
Оның айтуынша, арнайы комиссия құрылған. Олар атаулы әлеуметтік көмек алуға ниетті отбасылардың құжаттарын тыңғылықты тексереді. «Аталған комиссия жұмысының нәтижесінде құжаттарын дұрыс толтырмаған немесе күмәнді толтырған 18,5 мың отбасыға әлеумет көмек беруден бас тартылды», - деді ол.
Бүгінгі күні АӘК 277 мыңнан астам отбасыға немесе 1,3 млн астам адамға төленді. Жыл басынан бері 67,7 млрд теңге сомасында АӘК төленді, төлемнің орташа мөлшері 105 мың теңгені құрады.
inform.kz
24 маусым 2019 ж. 859 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930