Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қажылық өтеуге қазақстандықтардың алғашқы легі аттанды

Қажылық өтеуге қазақстандықтардың алғашқы легі аттанды

Алматы әуежайында қажыларды қасиетті мекенге шығарып салу рәсімі өтті. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қажы болу – оңай ғибадат емес. Бұдан да маңызды мәселе – қажы болып өмір сүру. Қажы деген сөздің тағы бір мағынасы ешқашан жамандықтарға жоламау дегенді білдіреді. Қажылық жасау рәсімдері санаулы күндерде аяқталады. Ал «қажы» атанып қалу – өмір бойы жалғасады. Бұл жол түрлі сынақтарға толы болмақ.
Қажы болу – қажылық сапарынан соң тап-таза парақты еш кірлетпеуге тырысу, ғибадатта қайратты болу, үлгілі мұсылман болу, жасаған тәубені қайта бұзбау, уәдеге адал болып, сөздің үдесінен шығу деген сөз...",- деді  ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз. 

Бұл жолы қажылық парызын өтеуге 400 қазақстандық аттанды.  
 
"Мұсылман баласының бәрінен бұрын ниеті маңызды. Қажылық жасаушы әуелі ниетін түзеуі тиіс. Құлшылыққа дүниелік мақсат пен пенделік ойдың араласып кетпеуіне аса мән беру қажет",- деді сөз соңында бас мүфти. 

Естеріңізге сала кетейік, ҚМДБ биыл 3 200 адам қажылыққа барады деп хабарлаған болатын. 
BAQ.KZ
01 тамыз 2019 ж. 230 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (8793)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (8792)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (8791)

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам