Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық оқушылар тарихи-мәдени орындарға саяхаттамақ

Қызылордалық оқушылар тарихи-мәдени орындарға саяхаттамақ


Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысы бойынша 1-10 сынып аралығындағы 147750 баланың 144795-і жазғы тынығу лагерьлерінде дем алатын болады. 1 маусымнан бастап аймақтағы сауықтыру лагерьлері өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Абай-ақпарат.
 Қызылордалық өрендердің демалысын қызықты өткізу мақсатында облыста түрлі шаралар қолға алынуда. Мәселен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде мектеп туризімін жандандыру бойынша 20 мың оқушы аймақтағы киелі тарихи-мәдени орындарға саяхат жасайды.
«Облыстағы 9 сауықтыру орталығы мен демалыс лагерінде (6-уы жыл бойы, 3-еуі маусымдық) 10 мыңға жуық бала демалыспен қамтылады. Ал жалпы білім беру мектептерінің базасындағы күндізгі және шатырлы лагерьлерде 96 мың бала тынығатын болады», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Майра Меделбекова.

Биыл 2018-2019 оқу жылында облыстағы 261 мектептен 5754 оқушы 11 сыныпты тамамдайды. Оның 4143-і (72 пайыз) маусым айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспақ. Түлектердің 400-і «Алтын белгіге», 285-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Сондай-ақ, бітіруші түлектер жыл бойы жұмыс істейтін «Қамбаш», «Талдысу» лагерьлерінде дайындық курстарынан өткен.
«Мектеп бітіруші түлектердің 4662-сі университеттерге, 1 мыңы колледждерге түседі деп жоспарлануда»,- деді облыстық білім басқармасының басшысы.

Айта кетейік, маусым айында өткізілетін ҰБТ-ны ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 17,5 млн теңге бөлінген.
05 маусым 2019 ж. 896 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930