Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Отандық шынжыр табанды көліктер экспортқа шығарылды

Отандық шынжыр табанды көліктер экспортқа шығарылды

"Семей машина жасау зауыты" бүгінде ТМД аумағында осындай техникаларды шығаратын бірден бір кәсіпорын.
"Семей машина жасау зауыты" ("Қазақстан инжиниринг" ҰҚ" АҚ-ның еншілес кәсіпорны) шынжыр табанды тасымалдағыш көлікті экспортқа шығара бастады. Аталмыш техникалардың 4 данасы Ресейге жөнелтілді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Семей машина жасау зауыты" бүгінде ТМД аумағында осындай техникаларды шығаратын бірден бір кәсіпорын.
"Қазір кәсіпорын шығаратын техникаларда қазақстандық өнімнің үлес салмағы өте жоғары және олар барлық талаптарға сай, сондай-ақ өздерінің сипаттамалары бойынша шетелдік өнімдерден еш қалыспайды", - деді зауыттың бас директоры Нұрлан Омаров.
Шынжыр табанды тасымалдағыш көлік жолдағы кедергілерден өтімділігі жоғары, жылдам жүре және жүзе алатын, жүк таситын, алдыңғы доңғалақтары тартқыш машина болып табылады.

Фото: ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл көліктер өте қолайсыз климаттық жағдайларда (ұйық батпақты, қарлы, орманды, таулы және шөлейт аймақтарда) қоршаған ортаның температурасы от +60 градустан -70 градусқа дейін жететін жерлерде пайдалануға арналған.
05 сәуір 2019 ж. 1 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930