Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Берері көп келісімшарт

Берері көп келісімшарт


Шиеліліктерді лайықты жұмыспен қамтамасыз ету, жалақыларын уақытында төлеу, жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін сақтау осы бағытта жұма күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында үш жақты келісімге қол қойылды.

Меморандумның негізгі мақсаты – оған қол қойған жұмыс берушілер тарапынан негізсіз жұмыстан босатуларға жол бермеу, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтау. Сондай-ақ, жұмыс берушіні билік тарапынан қолдай отырып, өндірістің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі үш жақты келісім.
Осыған ұқсас келісім-шарт бұдан үш жыл бұрын, яғни, 2016-2018 жылдарға есептеліп жасалған. 2019 жыл басталғалы келісім күшін жойып, жаңа келісімге қол қойылды. Ескі құжаттың бітірген шаруасы көп. Жаңа келісімнің бұрынғысынан артықшылығы – «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауда атап айтқандай, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының ең төменгі мөлшері 42 500 теңгені сақтауды енгізген. Сонымен қатар, өндірістік автоматтандыру, жаңару, жаңарту бағыты бойынша жұмыстар атқара отырып, жұмысшыларды қысқартпай жұмыс орындарын сақтау келісімде бас­ты негіз болып отыр.
Үшжақты келісім аясында оған қол қоюшы тараптар, жұмыскерлердің әл-ауқатының деңгейі мен өмір сапасын жақсарту бойынша және еңбек саласындағы заңдылықтарды сақтап, өндірістің қалыпты жұмыс жасауы үшін барлық мүмкіндіктерді жасауға міндеттеме алды. Аталған шараға 7 орта кәсіпорын мен 62 жеке балабақша қатысты.

Жұлдызай Ноғайбайқызы.
02 сәуір 2019 ж. 1 021 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031