Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оралда Исатай мен Махамбет батырларға арналған ескерткіш орнатылады

Оралда Исатай мен Махамбет батырларға арналған ескерткіш орнатылады


Қазір Оралға Исатай мен Махамбет батырларға арналған ескерткіш орнату жұмыстары басталып кетті.  2018 жылдың 29 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлының төрағалық етуімен Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұраларын, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және мемориалдық тақталарды орнату мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өткен.  Комиссияда "Исатай мен Махамбет батырларға арналған атты композиция" ескерткішінің эскиздік жобалары қарастырылған.   Конкурсқа қатысуға мүсіншілерден 6 өтініш келіп түсті: Келіп түскен өтініштердің ішінен үздік 3 жұмыс таңдап алынып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия отырысына жіберілді. 2018 жылдың 27 шілде күні жоғарыда аталған комиссия отырысында ең үздік жоба ретінде Әбенов Р.А., Зиябеков Е.С. және Рустамбеков С.И.  бірлескен жұмыстары таңдалған. Ескерткіш шамамен Орал қаласынан Подстепное ауылына кірер жерінде орналаспақ.  
Massaget.kz
28 тамыз 2018 ж. 1 460 0