ӘР ҒИМАРАТ – БІР ТАРИХ
Ғасырлар қойнауында жатқан Шиелі мекенде тарихи-мәдени ескерткіштер мен ғимараттар аз емес. Сонау тарихы тереңде жатқан ғимараттарға көңіл бөлетін уақыт келген секілді. Сіз қалай ойлайсыз? Иә, аудандағы 95 жылдық мерейтойды мерейлі аяқтағанымыз рас. Ал алдағы 100 жылдық мерейтойға дайындығымыз қалай? Ғасырлар бойы мекендеп тұрған орынды жаңарту ойымызда бар ма?
Мәселен, мақаланың әлқиссасын ғұмырлы ғимаратымыз Шиелі теміржол вокзалынан бастайықшы. Шынында, ауданнан шыққан талай тұлғалардың алғашқы сапарының куәсі болған шежірелі орын десек, қателеспейтін шығармыз. Оның тарихитанымын әмбе жұрт білуге тиісті. Бұл – құрылыс кешені жолаушыларға қызмет көрсетуге және пойыз қозғалысын басқаруға арналған ғимарат. Қазақстанда алғаш теміржол вокзалы кеңес төңкерісіне дейін Оралда, Қызылжарда (Петропавл), Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қалаларында пайда болады. Ал Шиеліде 1903 жылы салынып, жалпы алаңы 7580 ш/м, құрылыс алаңы 896,9 ш/м, ғимарат құрылысы 637,2 ш/м, жалпы көлемі 4800 ш/м құрайды. 2012 жылы күрделі жөндеуден өткен.
Бұл ғимарат туралы мұрағат деректерінде «ОрынборТашкент» теміржол құрылысымен «ОрынборТашкент» теміржол құрылысымен қатар бой көтерген вокзалдың іргесі Ақирек тауынан қашалып, түйе керуенімен тасылған шақпақ тастардан нөмірленіп салынған. Қабырғалары күйдірілген кірпіштен қаланып, төбесі қаңылтырмен жабылған.
Шиелі станциясы жүк тасымалы жағынан 1 кластық станция болып есептелінсе, ал атқарылатын жұмыстарына сәйкес 3 кластық вокзал санатына енеді. Бұнда күнделікті уақытта шамамен 200дей жолаушыға қызмет көрсетіп, күтіп алып, шығарып салады. Аудан халқын асыраған теміржол вокзалынан талай адам сапарға шығып, діттеген жеріне жетіп отырған. Бұнда Қазақстанның түкпіртүкпіріне қауын-қарбыз, күріш вагонға тиеп жіберіп отырады.
Шиелі теміржол вокзалының басшысы Алмат Досымовтың айтуынша, вокзал ғимаратының, жолаушылар платформасының, перронның және вокзал аумағының техникалық жағдайы жақсы, қалыпты. Қысқы мезгілде вокзал аумағы перрон және жолаушылар платформасы уақытында қардан, мұздан тазартылып, қажетті тайғақ жерлерге құм себіліп еді.
Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де жағдай жасалған. Вокзалдың кіреберіс есігіне вокзал кезекшісімен байланыстыратын қоңырау орнатылған, пандус стандартқа сәйкес жасалған.
Вокзал ғимараты биік те, сәнді етіп салынған. Сондықтан ауданға қыдырып келген халық сәулетіне қызығып, таңданыстарын жасырмайды. Бүгінде теміржол вокзалында 10 кезекші, 7 тазалықшы жұмыс істейді. Айта
кетсек, тұғыры биік ғимаратқа 120 жыл толып отыр. Міне, осындай ғасырдан астам тарихы бар шежірелі орынмен қалай мақтанбасқа?!
БҰЛ – СУ ҚЫСПАҚТЫ МҰНАРА. БІЛЕТІН БЕ ЕДІҢІЗ?
Суреттегі бейнеленген мұнараны бірі білсе, бірі білмейтін шығар. Иә, бұл – Шиелі теміржол вокзал маңында орналасқан су қыспақты мұнарасы. Бір қарасаңыз, Стамбулдағы Галата мұнарасына ұқсайтын секілді. Расында, аудан тұрғындарына сауалнама жүргізгенімізде, Шиелідегі мұнараны шетелдегі мұнараға ұқсатып жатты. Сонда бізге ой келді: «Неге шетелдегі мұнаралар секілді біздің ғимараттар да әлемдік туристік орталыққа айналмайды?».Суреттегі галата мұнарасы – әлемдік мұра тізіміне енген және ең көне мұнаралардың бірі саналатын ғимарат. Стамбулдың символдарының бірі. Ол Стамбулдың Еуропа жағында, Бейоғлу ауданында, Босфорға қарайтын жерде орналасқан. Деректерге сүйенсек, ғасырлар бойы Стамбулдың сәнін келтірген Галата мұнарасы маяк ретінде салынғанымен, тарих бойы зындан, обсерватория, өрт мұнарасы сияқты әртүрлі мақсатта пайдаланылған. Барлығы 11 қабаттан тұратын мұнараның биіктігі – жерден төбенің ұшына дейін 69 метр, еден көлемі – 208 шаршы метр. Оның дизайны қарапайым болғанымен, өте керемет тарихи орын.
Осылайша, біздің де тарихи ғимараттарды әлемдік деңгейге шығаруға болады емес пе? Тарихи және мәдени ескерткіштердің ел дамуы үшін маңызы зор. Ал мұндағы мұнаралардың алатын орны бөлек. Сәулет өнерінің ерекше үлгісі болып табылады. Кейде осындай тарихи туындылардың қай уақытта салынғанын білмей жатамыз. Бұл архитектуралық құрылыс жайлы тек көне жазбаларда айтылады.
Әлемнің жеті кереметінің біріне саналатын Александрия шамшырағының мұнарасы ежелгі дәуірлердеақ өзіндік ерекшелігімен тарихта қалған. Кейін Вавилон мұнарасы да көркемдік келбетімен тарих қойнауынан орын алды. Бағзы замандағы сәулет өнерінде мұнаралардың көрініс табуы грек аңыздары мен әр халықтың ауыз әдебиетінде және жазба әдебиетте де көрініс тауып отырды.
Қай кезеңде болсын мұнаралар тек жақсы мақсаттарға тұрғызылған. Олар азаматтық, әскери және табынушылық бағытта салынған сәулет құрылысы болып табылады. Бұлар арқылы қаланы төбеден бақылап, өрттің алдын алып отырған. Ал әскери комиссариат, су айдау жүйесінде, ортағасырлық обсервоторияларда аспан әлемін зерттеу мақсатында қолданған.
ХХ ғасырдың басында тоғыз жолдың торабы тоғысатын Шиелі вокзалы маңындағы мұнара Орынбор-Ташкент теміржолын салудағы кешендік ғимаратқа жатады. Ол бумен жүретін паровоздардың тоқтаусыз жүруі үшін салынса, кейін халықты ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылған. Сол кезде Сыр бойында осындай 38 су қыспақты мұнара тұрғызылған көрінеді.
Қазіргі таңда олардың көбі жұмыс істеп тұр. Ресейдің сәулеттік үлгісінде салынған су қыспақты мұнараларды биіктігі мен сыйымдылығына қарай бөліп қарастыруға болады. Сыр өңіріндегі су қыспақты мұнаралар сәулеттік келбеті жағынан бірбірінен ерекшеленгенімен, негізгі сұлбасы ұқсас келеді. Оның жоғарғы қабатында су сақтайтын орын болса, төменгі бөлігі күйдірілген тікбұрыш форматты айшықталып қаланған қыштар, жоғарғы жағы ағаштан салынған болып келеді. Кейбір мұнаралардың жоғарғы маңдайшалы бөлігінде терезелер орналастырылған. Осындай су қыспақты мұнара Шиелі станциясы теміржол бекеті ғимаратының кешеніне кіреді және вокзал үйінің батысында тұрғызылған. Мұнара күйдірілген тікбұрышты пішінді кірпіштен, әкпен аралас құмды ерітіндімен өрілген. Ауқымды өлшемдермен тұрғызылған ғимараттың биіктігі 12-15 метрді құраса, диаметрі 8 метр болады. Көлемді жоспарлы құрылымы мұнараның цилиндрі көлемімен анықталған. Мұнара құрылымының ерекшелігі – оның қарапайымдылығында. Николай ІІ патшалық құрған заманда жанжақтан жиналған шеберлер композицияны түрлендіріп, әсемдетуге тырысқан. Үш қабаттан тұрады. Төменгі жағы жертөле болса, жоғарғы қабат қоңыр түсті, беті тегіс етіліп салынған.
Мұнараның айтарлықтай биік болуы, үлкен көлемде судың және оның үлкен ағысының теміржол бекетіне қажет болуынан пайда болса керек. Осыған байланысты ішінде суы бар екі резервуар орнатылған.
Мұнараның көлемі сегізқырлы, екі қабатты, бірінші қабаты әктіқұмды ерітіндіде қабатты, бірінші қабаты әктіқұмды ерітіндіде күйдірілген кірпіштен жасалған. Екінші қабаты мен үшінші қабаты да ағаштан құралған. Негізгі биіктігі 16,85 метрге жетеді. Жоғарғы қабаттың байсалды жері көлденең және тік бағытталған. Тақтай жиектің және шектеулі түрде пайдаланылған ою элементтерінің есебінен шешілген шатыр астына шағын төртбұрышты терезелер орнатылған. Үсті темір шатырмен қапталған. Су айдау станциясында орнатылған бумен жұмыс істейтін сорғылар арқылы жиналған су өз екпінімен тұтынушыларға таратылады.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ,
сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТТІКІ