Құтпамбет бабаның қайраты
Сыр бойының билері Жетес пен Үмбет би және Шалқардың бай-болыс, биі Мырзағұлдар – арқа жақтың бір биі, болысынан (аты, жөні еске түсіреді) жесір, барымта дауын қанша тырысса да, сөзін өткізе алмай, екі жаққа тиімді шешім жасай алмапты. Неше рет барса да, арқаның биі сөз бермей, өздеріне шаң жуытпай, ділмарлығын көрсетіп мәселені оңтайлы шешуге мүмкіндік бермеген екен.
Сонымен, осы билер Жетес, Үмбет және Мырзағұлдар ойласып біздің атамыз Құтпамбет биді әрі батырды шақырып осы мәселені шешу сенің қолыңнан келеді, ол ділмарлығын, шешендігін көрсетіп сөз кезегін бермес, бірақ сен ұмытпа замандас ретінде арасында ұтымды уақыт тауып күшіңді көрсетіп қоярсың деген екен.
Сонымен атамыз Құтпамбет қасына Жанкүшік тағы сондай мықтыларды ертіп арқаға жол тартады. Аман-есен жаңағы айтылған бидің ауылына да келіп жетеді. Би, бұл келген қонақтарды қарсы алып, сыйлайды. Сонымен үш күн бойына ешкімге сөз кезегін бермей өзі сайрай береді.
Сөйлеген адамға дес бермей, не айтса да өз дәлелін келтіріп, келген адамдарды тыңдамайды, шешендіктің, ділмәр судың шегіне жетеді. Атамыз Құтпамбет көп сөйлемейтін, айтса ретін келтіріп бір айтатын сабырлы адам болған екен. Үш күн бойы бидің ділмәрсыған әңгімелерін естіп отырып, далаға шығатындай ыңғай танытып, орнынан көтеріліп бара жатып, ой замандасым-ай, не деген сөздік қор үш күн бойына ешкімге сөз бермей сайрадың ау, не деген ділмәрсу деп байқатпай ортан жілікті қарулы қолмен мытып жібергенде бидің ортан жілігі күл парша болып ұнтатылып, қонышты мәсінің іші қанға толып кетті дейді.
Сол кезде барып, ой Құтпамбетжан ай, түсіндім, саған осылай істе деп Жетес, Үмбет, Мырзағұл билер айтты ау, ә..ә..болды… Жігіттерге бөлек үй дайындап, сыйлаңдар, мал-мүліктерін түгелдеп, алдына әкеліп салыңдар мен болдым деп ауыл адамдарына тапсырмасын берген екен. Иә, қорыққанын сыйлаған қазақпыз ғой, сыйластықпен, ағайындықпен шешімін таппаған мәселе, күш көрсетумен орнына келген екен. Әй, жалған алдамшы өмір-ай.. өтесің де кетесің ау… Қандай мәселені де шешудің жолын тапқан бабаларға, Алланың рахымы болсын!
Жасақбай Сейітжаппаров
syrboyi.kz
Фото: ашық дереккөз