САЛТ-ДӘСТҮР ЖАҢҒЫРСЫН
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, мәдениеттің арқауы. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірімен біте қайнасып жатқан жөн-жоралғылар мен ырым-тыйымдар қазақтың ұлттық салт-дәстүріне келіп тоғысады.
ХІХ ғасырда қазақтың салт-дәстүрін зерттеген Семенов Тянь-Шанский «Бұларды оқытудың қажеті жоқ. Салт-дәстүрлері түгел тұнып тұрған білім!» деп бекер айтпаған. Сондықтан келер ұрпақ өзінің салт-дәстүрін толық меңгерсе, оның ұлт ретіндегі болашағы жарқын. Осындай идеологияны жүзеге асыруды басшылыққа алып, бүгінгі жас ұрпаққа ұстаздық шеберлікпен санаға біртіндеп сіңіру арқылы «Қазақ аналары – дәстүрге жол» жобасының атқарар рөлі зор.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер, тұрмыс-салт дәстүрлері, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш үлкен топқа бөлінеді. Соның ішінде бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келгеннен бастап жүргізілетін шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесуден бастап қыз бала мен ұл баланы келешек отбасын құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған жөн-жоралғылар кіреді.
Ал тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді. Сондай-ақ әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге: ауыл адамдарының туыстық қарым-қатынастары, ұлттық музыка аспаптары, қонақ күту, тағы басқа рәсімдері жатады.
Осындай дәстүрлеріміздің ішіндегі тұрмыс-салт дәстүрлеріне жататыны – қазақтың киіз үйі. Оның құрылымдық ерекшелігіне назар аударсақ, жинақылығы мен ыңғайлылығы өз алдына, сәулеттік шешімі мен сырт пішімі ерекше сұлулығымен дараланып тұрады. Тек қана сәулет өнерінің озық үлгісі емес, сонымен қатар астрономия, математика, физика, экономика, дін, этнография т.б. білімнің айқын көрсеткіші, қазақ ұлтының білім биігі. Қазақтың баспанасы болған киіз үйдің бөлшектеріне шаңырақ, уық, кереге, босаға, ал жиһаздарына сандық, сырмақ, ши, құрақ, сонымен бірге ыдыс-аяқтарына келі мен келсап, қол диірмені жатады. Киіз үйдің бөлшектерінің ішінде шаңырақ пен босаға ерекше қастерленеді. Оның тарихы әріден басталады. Біздің заманымыздың VІІ ғасырларда кеңінен пайдаланыла бастаған.
Сонымен қатар ұлттық қолөнеріміздің ішіндегі сырмақ тігу, ши мен кесте тоқу, жүн сабау және түту, ұршық иіру, құрақ құрау және келі мен келісаптың, қол диірменінің өзіндік тарихы баяндалып, қолданылуын, қалай жұмыс жасайтындығынан шеберлік сағаттары өтті. Мысалы, қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтары өте көп. Оның ішінде келі мен келсапты тары, бидай, жүгері сынды дәнді дақылдарды түйіп, жарма дайындау жолы көрсетілсе, біздің заманға дейінгі қол диірмені арқылы бидайдан ұн тартып шығарудың, нанның оңай жолмен келмейтінін сездіргендей. Ал «құрақ – өнердің қайнар көзі» дейді халқымыз. Қазақ халқының осынау қарапайым да қайталанбас, қиыннан қиыстырып құрақ қию және одан бағалы бұйым жасауы ертеден келе жатқан қолөнер түрі. Құрақтың екі жүзден астам түрі бар. Бұл өнерді меңгеру де оңай іс емес. Адамның шыдамдылығын, табандылығын, жарасымдылығын талап ететін киелі мұрамыз бүгінде өз мәнін жойған жоқ. Жүн түту болсын, ұршық иіру болсын, ши тоқу болсын әр қолөнердің ерекшеліктері бар. Қай қайсысы да шеберлікті, ептілікті, ұқыптылықты талап етеді. Қолынан өнері тамған шеберлердің осындай шеберлік сағаттары қазіргі жетіліп келе жатқан қыздарымызға керек-ақ.
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлердің ішінде бесікке салу, құрсақ шашу, бата беру дәстүрлерінен кең көлемде көрініс көрсетілді. Зер салар болсақ, дәстүрдің көбісі бала тәрбиелеуге қатысты болып келеді. Сол үшін баланы ана құрсағында жатқаннан бастап күтімге алып қастерлейді, баланың дүниеге аман-есен келуін армандайды. Нәресте дүниеге келгеннен кейін шілдехана, бесікке салу рәсімдері жүреді. Қазақ халқы бесікке аса мән берген. Бесікке жатқан баланың таза, түзу, жылы жататындығы ескеріледі. Ұйқысы тыныш сәби дені сау ұрпақ болмақ. Ананың баласына айтқан әлдиінің өзі тұнып тұрған тәрбие.
Батаны халқымыз киелі тілеу деп бағалайды. Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілікке, имандылыққа, ақыл мен парасаттылыққа баулыған. Қазақ халқында дастарқаннан батасыз тұрмаған. Рухани қазынасы болып табылатын бата-тілек халықтың тұтастық пен бірлігін, салт-дәстүрін, адамгершілік қасиеттерін сақтауда ерекше қызмет атқарады. «Ботаның құны бір-ақ жұт, бата – балаға мәңгі құт» деп бекер айтылмаса керек. Сондықтан да тек жақсылық пен бақытқа жол ашатынын ескеріп жүргеніміз абзал. Үлкеннің батасы – берекенің жарасымды жалғасы. Ақ бата әрбір жанның көгеріп, өркендеуіне септігін тигізері хақ.
Қорыта айтқанда, ұлттық салт-дәстүр ғасырлар бойына қалыптасқан құндылық болғандықтан бірден емес, бірте-бірте жоғалады. Сондықтан осындай ұлтымыздың бай дәстүрлерін қолымыздан келгенінше дәріптейік.