Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШАЛ СӨЗІНІҢ ТҮПКІ МАҒЫНАСЫ ЖАЙЫНДА БІР АУЫЗ СӨЗ

ШАЛ СӨЗІНІҢ ТҮПКІ МАҒЫНАСЫ ЖАЙЫНДА БІР АУЫЗ СӨЗ

ШАЛ СӨЗІНІҢ ТҮПКІ МАҒЫНАСЫ ЖАЙЫНДА БІР АУЫЗ СӨЗ

...Тарих ғылымдарының докторы Бақыт Еженханның «Найман хандығының мемлекеттік құрылымы» атты еңбегіне жүгінеміз. («Қазақ Ордасы» 2003 ж №3). Ғалым «Найманның әкімшілік атауы - «Шал» деп сенімді жазады, дәлелдер ұсынады. «Жамиғат тауарихтың» «Шыңғыс хан» шежіресінде Найман Күшіліктің әпкелері, қарындастары мен руы туралы әңгімеде осы сөз бар: «Әмин Шал, Тарту Шал, Таян Шал, Түңге Шал ағайынды. Төртеуі де Күшіліктің руынан. Шал - ханзада деген мағына береді. Найман Таян ханның бір әмірі, әки бегінің аты Титик Шал. Ал осы Титик Шалды «Юань Чао Би-Ши»-да «Титик сақал» деп жазған. Сондай-ақ, «Ляо ши»-дің «Шалға» берген түсініктемесіндегі «ұл» деген сөзді «патша ұрпағы ханзада» деп түсіну керек. Бұл наймандарды ханзаданың «Шал» деп көрсетуімен мағынасы бірдей. Шал немесе сақалдың мәнсап көлеміне келсек, олардың іс-қимылынан (атқарып жүрген қызметтерінен) мынаны көреміз: Шал-сыртқа қол бастап шығады; жат ру-тайпалардың істеріне қатысады; ел арасындағы араздықтарды келістіреді; заңды атқарады». 

Бақыт Еженханның осы деректерін таратып айтсақ Шал: 

Әскербасы. 
Өз бетінше шешім қабылдайды. 
Сыртқы саясат мәселелерін шешеді, шекара қорғанысын басқарады, бодан елдерге билік жүргізеді, ішкі істеріне араласады. 
Соттың, бидің бар қызметін атқарады. Үкім шығарады, төрелік айтады; Мемлекеттік заңдардың жүзеге асырылуын бақылайды. 
Заң бұзушыларды айыпқа тартады. (соттайды). 

Көріп отырсыздар, «Шал» патшадан, ханнан кейінгі лауазым иесі. Әр, жеке-жеке саланы басқаратын уәзірлер сияқты емес, мемлекеттің барлық салаларына тікелей араласады. Уәзірлерден әлдеқайда жоғары лауазымды адам-Шалымыз. Ал уәзірден жоғары ханзада екені кімге де болса мәлім. Шалдың қызмет ауқымы аса кең. 

Демек, «Шал», сөз жоқ, хан ұрпағынан. Ендеше сол тұста-ақ Хан басқаратын дербес мемлекет немесе ұлыс болғаны ғой. Ол, не дегенде де, мол жұрт... 

Камал Абдрахманов 
"Өкіреш Шал" немесе Найман шал зерттеулерінен үзінді.
01 мамыр 2019 ж. 3 003 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930