Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлыс сөзінің ұғымы...

Ұлыс сөзінің ұғымы...


Н.Назарбаев «Қазақстан тәуелсіздігі: Тарих тағылымдары және қазіргі заман» атты баяндамасында: «Қазақстанның тәуелсіздік тарихы әппақ парақ бетіне күні кеше түсе қалған жоқ, оның көне дәстүрлері бар. Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек», – деген еді. Заман өзгеріп, дәуір ауысып, қоғамдық қарым-қатынастар жаңаланған сайын ұлттың қалыптасқан дәстүрлі ұғымдары түбірі қаз-қалпында сақталып, жаңғыру үдерісінде жүріп отырады.

Наурыз мейрамында қолданатын көп сөздің бірі, яғни, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», «Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қуанышқа толы болсын» деген ақ жарма тілектер айтылып, ізгі лебіздерін білдіреді. Осы «Ұлыс» сөзінің түпкі мағынасы қандай? Неге Наурыз мейрамында ғана бұл сөзді қолданамыз? «Ұлыстың ұлы күні» десек «Наурыз мейрамы» еске түсетіні тағы бар?! Осы сөздің түпкі мағынасын білмекке зерделеп көрдік. Ұлыс сөзі түрік-моңғол тілдес елдерде «ұлыс» деп мемлекетті айтады. Яғни, бұл кішкене ғана сөз тіркесі «Нау­­рыз» мейрамды мемлекеттің ең бас­ты мерекесі дегенді білдіреді. Ұлыстың өзі мемлекет дегенді білдіретінін ескерсек, «Ұлыстың ұлы күні» – мемлекеттің ұлы мерекесі деген сөз. Наурыз қазақстандағы ең бас­ты мемлекеттік мейрам болғандықтан, тәуелсіздіктен бері Ұлыс мейрамына ерекше мән беріле бастады. Елімізде бұл мейрамды мемлекеттік деңгейде тойлануы үшін үш күн демалыс мәртебесі де беріліп келеді.
– «Ұлыс» сөзінің негізгі мағынасы «ұлы іс» дегенді білдіреді. Күнделікті қолданыста жүрген биыл, бүгін деген сияқты бұл сөзде өзара бірігіп кеткен. Мәселен, биыл – бұл жыл дегенді білдірсе, бүгін – бұл күн деген ұғымда. Яғни, ұлыстың ұлы күні дегеніміз ұлы істердің бастау алатын сәті. Көбінесе адамдар жаңа нәрсені бастау үшін жаңа күнді күтеді. Сол себепті ұлыс сөзі тек наурыз айында қолданылады. Өйткені, қазақ халқы үшін 22 наурыз жылдың басы саналған. Әрине, басқа сәттері ұлыс сөзін қолдана беруге болады. Оны айтарлықтай қателік деп айта алмаймыз. Дегенмен, ұлыс сөзін наурызда қолданса шырайы ашыла түседі» – деді филология ғылымдарының кандидаты, профессор Аман Абасилов.
Ұлыстың ұлы күнін көктемгі наурыз мерекесімен байланыстырылады. Қарапайым этимология бойынша, тіркестегі «Ұлыс» сөзін қазақ тіліндегі «ұлыс» – «ел, жұрт, аймақ» деген мағына беріледі де, жалпы сөз тіркесінің мағынасы «халықтың ұлы күні, үлкен мерекесі» деп көрсетіледі. Сондықтан, сөз деген – ең қуатты құрал.
Осынау маңызды мемлекеттік мейрамға қатысты белгілі тарихшы, этнограф Жамбыл Артықбаевтың әлеуметтік желіде келтірген пікірлерін оқырман назарына ұсынғанды жөн санадық. Ұлысу деген ұғым бар. Ұялас қасқырлар әлдебір қауіп-қатер төнгенде, ұзақ сапарға шығар алдында ұлып ұяластарын шақырады. «Ұлыс» сөзінің екінші мағынасы бірігу дегенді білдіреді. Наурыз айын тас бітікте «Ілкі ай», яғни «Бірінші ай» деп атады. Ұлыстың ұлы күні ұлан-ғайыр қазақ даласында екі рет тойланады. Мұның себебі ай күнтізбесі бойынша жыл басындағы ілкі айдың 14-де ай толып, жаңасы басталады. Міне, дәл осы күні аспан денелері өзінің бастапқы нүктесіне келіп, бір цикл аяқталып, жаңасы басталады. Қазақстанның батыс өлкесіндегі қазақтар Ұлыстың ұлы күнін наурыз айының 14-нен бастап мейрамдап келеді. Бұл әлі күнге дейін дәстүрден қалған жоқ. Екінші «Күн» күнтізбесі бойынша Ұлыстың ұлы күнін яки жаңа жылды тойлау осы айдың 22-не сәйкес келеді. Наурыз – біздің тілімізге орта ғасырдың ішінде енген кірме сөз. Түркі тілдес ұлт пен ұлыс арасында қазіргі уақытқа дейін «Наурыз» мейрамы мен «Ұлыстың ұлы күні» деген төлтума атауын тек қазақ қана сақтап қалған.
Ұлыстың ұлы күні бабалардан жеткен мұрамыздың мәйегі, өткеннен жеткен болмысымыздың жалғасы, болашаққа деген ұлы мұратымыздың жолы. Ертеде, ел ішінде осындай аңыздар да ел аузында айтылған екен. Яғни, наурыз күні – ежелгі гректердің патшасы да алтын тағынан түсіп, қол астындағы өзіне ұнаған кұлына бір күн елін басқаруға мүмкіндік берген көрінеді. Олай болса, патшаны тақтан түсіріп, құлды таққа отырғызған ұлыстың ұлы күнінің мерейі мен шапағаты барша жұртқа қуаныш сыйлап, жақсылыққа ниет еткен күн. Сондықтан, Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, Ұлыс береке әкелсін! деген сөздер халық арасында осы күнге дейін жеткен.

Жұлдызай Ноғайбайқызы.
21 наурыз 2019 ж. 5 550 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031