ҚАСЫМ ХАН БАБЫРҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСТІ?
Қазақтың ұлы ханы, ұлттық мемлекеттіліктің негізін қалаушылардың бірі Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы Қасым хан жас кезінде Бабыр сұлтанға Моғол империясын құруға көмектескені көп жазыла бермейді Нақты айтқанда Қасым хан қайтыс болар алдында Қобыланды батыр жасағын жіберіп, Дели сұлтандығын жаулап алуға көмектескен.
Бабыр падишаһ 12 жасынан бастап жетім қалған. Бірақ оған қарамастан саяси өмірге ерте араласты. Оған туған ағасымен Самарқан үшін күресу керек болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани Самарқан үшін соғыста екі ағайындыны тақтан тайдырып, Бабыр сұлтанды бір топ әскерімен елден қашуға мәжбүрледі. Кейіннен, кішкентай Герат княздігін басқарған Бабыр Кабул қаласын басып алуға Қасым ханнан көмек сұрап, оған хат жазады. Ол кезде Герат княздігі Дели сұлтанаттығына сыйақы беріп тұратын еді. Бабыр падишаһтың көмегін Қасым хан қолдады. Себебі, олардың ортақ жауы Мұхаммед-Шайбаниды жеңу Қасым ханға тиімді еді. 1504 жылы Қасым ханның бес мың әскерімен Кабул қаласын Бабыр оңай жаулап алды.
Осы оқиғадан соң Мұхаммед Шайбани шынымен де Қазақ Хандығын жөнімен қалдырды. Бабырдың жеңісінен кейін Қасым хан байлыққа кенелді. Бай-феодалдардың арасында үлкен мадаққа кенелді. 1509 жылы Бабыр қайтадан Қасым ханнан көмек сұрады. Бұл жолы ол Дели сұлтанатын жаулап алмақшы болды. Осы кезде тақта қартайған Ибрагим шаһ Лоди отырған болатын. Ол кезде Қасым ханның қол астында үш жүз мыңға жуық әскері болатын. Сондықтан Қасым хан Бабыр сұлтанға көмекке әскер жіберу еш қиындық тудырмады. Бұған дейін ол Мұхаммед Шайбанимен татуласып, Иранның Сефевид әулетінің Хорасан қаласын басып алуға көмектесіп, сегіз мың әскер көмекке берген болатын. Қобыланды батыр бастаған сегіз мың әскер Бабыр сұлтанға көмекке жолға аттанады. Осы жорықтан Қобыланды батыр жеті жылдан кейін бірақ оралады.
Жорық кезінде Қобыланды батыр Қасым ханның өлімі туралы хабар естиді. Қасым ханның өліміне қарамастан Бабыр сұлтан өзіне Делиды жаулап алуға мықты раджа Санграма Сингханы шақырады. 1526 жылы Панипати (Дели қаласынан 90 шақырым) жері үшін шайқаста он бес мың сарбаз алпыс мыңға жуық Дели сұлтанатының әскерімен шайқасады. Дели сұлтанатында қосымша жүзге жуық піл болған. Шайқаста Бабыр сұлтанның атты әскеріне Ибрагим шаһтың пілдері қарсы шығады. Бірақ Бабыр өзінің бойында әскери тактиканы жақсы білетін қасиеті болған. Пілді әскерге қарсы мәмлүк-мылтықшыларын дайындаған.
Мылтықтың дауысынан сескеніп пілдер артқа қарай әскерімен қоса қашады. Бабыр сұлтан жеңістен кейін өзінің қолбасшыларына барлық қарсы шыққан Ибрагим шаһ әскерінің бастарын шауып тастауға бұйрық береді. Осылайша Бабыр сұлтан Дели сұлтанатын жаулап алып, Моғол империясын құрады. Осы жорықтан кейін Қобыланды батыр байлыққа кенеліп, үнді әйелімен елге оралады. Қобыланды батыр жырында бұл тарихи жорық қызыл басты Қазан әңгімесі ретінде сақталған.
http://reactor.inform.kz