Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Оқжетпес» Сербия чемпионатында ойнайтын клубты тас-талқан етті

«Оқжетпес» Сербия чемпионатында ойнайтын клубты тас-талқан етті

Қазақстан Премьер-лигасына оралған «Оқжетпес» Сербия чемпионатында ойнайтын клубты ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап. 

Көкшетаулықтар о баста Македония чемпионатының өкілімен ойнауы тиіс болатын. Бірақ матч алдында қарсылас алмасып, Андрей Карпович шәкірттері Сербия чемпионатындағы ортанқол командалардың бірі «Пролетермен» кездесті. Жауапсыз үш гол соққан «Оқжетпес» айқын басымдықпен жеңіске жетті. Голдарды Санат Жұмаханов, Азат Ерсәлімов және сынақта жүрген грузин ойыншысы Георги Бухаидзе соқты. 

Айта кетейік, «Оқжетпес» Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиындарына кірісті. Бұл осы жиын аясындағы алғашқы кездесу болатын.

28 қаңтар 2019 ж. 1 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31