Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астаналық «Барысқа» жаңа капитан тағайындалды

Астаналық «Барысқа» жаңа капитан тағайындалды


Астананың «Барыс» хоккей клубы өзінің Youtube арнасында жаңа капитандары таныстырылған видеоны жариялады.«Барыстың» жаңа капитаны Брэндон Боченски болды. 36 жастағы форвард аталмыш клубты 2014/15, 2015/16 және 2016/17 маусымдарда басқарған болатын. Сондай-ақ бұған дейін «Барысқа» Кевин Даллмэн (2008/09, 2009/10, 2010/11, 2011/12), Дмитрий Уппер (2012/13, 2013/14) және Найджел Доус (2017/18) басшылық еткен еді. Боченски «Барыс» үшін 2010-2017 жылдар аралығында ойнаған болатын. Бір жылдық демалыстан кейін астаналық клубқа қайта оралды. 2015 жылдан бастап Брэндон Қазақстанның ұлттық құрамасы үшін ойнайды. Жаңа 11-ойын маусымында «Барыс» клубы 5 қыркүйек күні Нижнекамскіде «Нефтехимикпен» кездеседі. Ойын Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.
inform.kz
05 қыркүйек 2018 ж. 877 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9328)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031