Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ИВАН ДЫЧКО ХАРРИСОНДЫ БІРІНШІ РАУНДТА ҰРЫП ҚҰЛАТТЫ

ИВАН ДЫЧКО ХАРРИСОНДЫ БІРІНШІ РАУНДТА ҰРЫП ҚҰЛАТТЫ


Қазақстанның аса ауыр салмақтағы боксшысы Иван Дычко америкалық боксер Морис Харристы бірінші раундта-ақ ұрып құлатты.
Кеше АҚШ-тың Флорида штатында өткен кездесуде қазақстандық спортшы өзінің мықты екендігін тағы да дәлелдеді. Бірінші раундтың өзінде-ақ басымдылығын байқатқан Иван Дычко қарсыласына қауқар көрсетуге мүмкіндік бермеді. Сөйтіп, Иван Дычко кәсіпқой боксқа ауысқалы бері қатарынан жетінші рет жеңіске жетті. Кездесудің барлығында да ол қарсыластарын нокаутқа түсірді.
Ал Дычкомен рингке шыққан Морис Харристің еншісінде 26 жеңіс, 22 жеңіліс бар. Ол үш кездесуді тең аяқтаған. Осы деректердің өзі-ақ 42 жастағы америкалық боксшының бокс мансабының көрсеткіші аса жоғары еместігін көрсетіп тұрғандай. Ол 2015 жылдың желтоқсан айынан бері рингке шықпаған көрінеді.
Ал жерлесіміз Иван Дычкоға жеңісің құтты болсын дейміз.
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
07 шілде 2018 ж. 796 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930