Конституция
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫР ЖУРНАЛИСТЕРІ АЛАҢДА ЖҮЗДЕСТІ

СЫР ЖУРНАЛИСТЕРІ АЛАҢДА ЖҮЗДЕСТІ

Сейсенбі күні Сыр журналистері әдеттегідей баспасөз алаңында емес, «Бахыт Арена» аталатын спорт кешенінде жүздесті. Бұған себеп аудан әкімінің қолдауымен 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған шағын футболдан облыстық турнирі. Спорттық шараға республикалық БАҚ-тың аймақтағы меншікті тілшілері, облыстық, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, атап айтқанда «Qyzylorda TV», «Меншікті тілшілер», «Сыр медиа», «Сыр бойы» және «Жаңақорған», «Шиелі» командалары қатысып, өзара бақ сынады.
Дәстүрге айналған турнирдің салтанатты ашылуына аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары Азиз Батырбеков, «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Нұрболат Пірімбет арнайы қытысып, аладоп додасына келген журналистерге сәттілік тіледі.
– Қадірлі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Журналист болу – халыққа қызмет ету. Сондықтан да журналистика саласына артылар міндет пен жүк жеңіл емес.
Бүгінде ақпарат айдынында еңбек етіп жүрген тілшілер қауымы заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқарып жүр. Мемлекетімізде баспасөз бен тележурналистика, ақпараттық сайттар заман талабына сай түрленіп, қоғамға қажетті маңызды ақпараттарды уақытылы таратып келеді. Елді игі іске жұмылдырып, берекені арттырып, татулықты нығайтуда билік пен халық арасында алтын көпір болып жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің рөлі қашан да жоғары.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігіне әрдайым жоғары баға беріп келеді. Өйткені шынайы ақпарат пен әділ сөз – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі. Сіздердің ел бірлігі мен қоғам тұрақтылығы жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағалана береді. Бүгінгі жарыста мықтылар анықталып, жанкүйерлер керемет әсерге бөленеді деп сенемін, – деді аудан әкімі өз құттықтауында.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі І орынды «Сыр медиа» командасы оқ бойы оза шығып иеленсе, ІІ орын меншікті тілшілерден құралған командағы бұйырды. Ал бәсекеге толы ойынның жүлделі ІІІ орынын «Qyzylorda TV» командасы еншіледі.
Сондай-ақ жекелеген ойыншылардың шеберлігі де жоғары бағаланды.
Атап айтқанда, қатысушыларға «Үздік қақпашы» «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы» номинациясы берілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктар, дипломдар, қаржылай сыйақылар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Спорт пен руханият үндескен бұл дода қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, кәсіби ортадағы достық пен ауызбірліктің жарқын үлгісін көрсете білді.

«Өскен өңір» ақпарат
06 шілде 2026 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9417).

04 шілде 2026 ж.

№49 (9416)

30 маусым 2026 ж.

№48 (9415).

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031