Головкин IBF белбеуінің орнына басқа чемпиондық белбеуге ие болды

6 маусым күні Головкин орта салмақтағы чемпиондық белбеулерінің бірінен айырылды. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшыдан өз белбеуін алып қою туралы шешім шығарды. Оның себебі, Головкиннің украиналық Сергей Деревянченкомен 3 тамыз күніне жекпе-жек өткізу үшін қағаз жүзінде келісім бермеуі себеп болған. Осылайша орта салмақтағы IBF белбеуі бос қалып отыр. Жуық арада федерация бұл белбеуге таласатын екі боксшыны анықтап, келіссөз ұйымдастырады. Одан бөлек, Головкинге айыппұл да салды. Өйткені ол федерацияның шарттарын орындаған жоқ. Дегенмен де қазақстандық боксшы WBA (Super), WBC және IBO белбеулерінің чемпионы болып қала береді.
24.kz