Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Португалия әлем чемпионаты алдында Алжирмен кездеседі

Португалия әлем чемпионаты алдында Алжирмен кездеседі

Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду ұлттық командасына қосылып, әлем біріншілігіне дайындықты бастады. Жақында «Реал» сапында Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен футболшы аздаған демалыс алған еді. Португалия дүниежүзілік доп додасы қарсаңындағы оқу-жаттығу жиынын өз жерінде өткізуді жөн көріпті. Фернанду Сантуш жігіттері Ресейге аттанбай тұрып, 7 маусымда Алжирмен жолдастық кездесу өткізеді. Еуропа чемпиондары әлем біріншілігін 15 маусымда бастайды. Роналду бастаған футболшыларды алғашқы турда Испания күтіп тұр. Сосын топтық кезеңде Марокко және Иранмен ойнайды. Португалия Роналдуға үлкен үміт артады. Үш әлем және төрт Еуропа чемпионатында гол соққан футболшы өз мықтылығын дәлелдеуі тиіс. Жоау Моутинью, Португалия құрамасының футболшысы: – Біздің құрамда әлемнің үздік футболшысы бар. Сондықтан өзгелер де соның деңгейінде ойнауға ұмтылады. Бәріне қойылатын талап бірдей. Біз күн сайынғы жаттығуда шеберлігімізді шыңдай түсуіміз керек. Роналдуға қарап бой түзеп, алдағы кездесулерге сақадай-сай боламыз. Криштиану алдымызға қойған мақсатқа жетуге өз көмегін тигізеді деп ойлаймын.

24.kz
06 маусым 2018 ж. 1 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

№21 (9288)

26 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930