Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстан Қазақстанға көкпардан реванш өткізуді ұсынды

Қырғызстан Қазақстанға көкпардан реванш өткізуді ұсынды

Қырғызстанның Көк бөрі федерациясы Қазақстан құрамасымен реванш өткізуді ұсынды. Реванш Ыстықкөл жағасында биылғы жылдың 1 қарашасында өтуі мүмкін. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлап отыр.
Федерация басшысы Рамис Жүнісәлиев екі ел құрамы арасындағы даулы мәселелерді шешу үшін реванш өткізуді ұсынған.

Біз 1 қарашада баяғы құраммен көк бөрі мен көкпар ойнауды ұсынамыз. Бұл — спорт. Ойын екі халық арасында алауыздық тудырмауы керек. Біз халықтарымыздың келісімі үшін жеке амбициялардан бас тартуға дайынбыз. Төреші басқа елден болады, — деді ол баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қыркүйекте V дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары кездесіп, Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен.

Осы ойында екі құрама спортшылары арасында жанжал туып, ойын уақытша тоқтатылған еді.
17 қыркүйек 2024 ж. 550 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

№29 (9396)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (9395)

18 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930