Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көкпардан ұлттық құрама АҚШ командасын жеңді

Көкпардан ұлттық құрама АҚШ командасын жеңді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ-тан келген көкпаршыларды 12-4 есебімен жеңді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«АҚШ құрамасының ойыны бұрынғыға қарағанда дұрысталып қалған. Кеше көкбөрі ойнаған құрамы бүгін көкпар ойнады. Ертең жартылай финалда Ресей көкпаршыларымен кездесеміз. Тобымызда бес құрама болған соң финалға дейін үш кездесу өткізуіміз керек болды. Ал басты қарсыласымыз Қырғызстан бүгін Түркияны жеңсе финалға шығып тұр», – деді көкпардан ұлттық құрама бас бапкері Абылай Манкеев.

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.
10 қыркүйек 2024 ж. 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031