Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан көкпаршылары Өзбекстан құрамасын ірі есеппен жеңді

Қазақстан көкпаршылары Өзбекстан құрамасын ірі есеппен жеңді

Елордада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Ел қоржынындағы алғашқы жеңісті көкпаршылар тіркеді. Қазанат ипподромында өткен тартысты бәсекеде ұлттық құрама Өзбекстан шабандоздарынан басым екенін дәлелдеді. Қазақстан пайдасына 16 - 0 есебі тіркелді.

Көкпар сайысында құрама жігіттері сауатты тактика жүргізіп, қарсыластарына салым салуға мүмкіндік бермеді. Осылайша Қазақстан құрамасы А тобындағы көкпардың бірінші іріктеу кезеңінде жеңіске жетті.

Айта кетейік, көкпардан 9 мемлекеттің спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы қатысады.
09 қыркүйек 2024 ж. 425 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031