Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Азия чемпионаты: көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

Азия чемпионаты: көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

ÐÐ·Ð¸Ñ ÑемпионаÑÑ: көкпаÑдан ÒазаÒÑÑан ÒÒ±ÑамаÑÑ Ñемпион аÑандÑ

Жастар жылы аясында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Жастар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатының Көкпар бойынша жеңімпазы Қазақстан құрамасы болды. ERNUR.KZ. Бір аптаға созылған дүбірлі доданың да соңғы сайысы аяқталды. Көкпардың топтық кезеңі бойынша үздік шыққан қос команда – Қазақстан мен Моңғолия көкпаршылары финалдық кездесуде нағыз мықтыны анықтады, деп жазады baq.kz. Азияның азулы көшпенділерінің ұрпақтары арасында өткен кездесу тартысқа толы болды. Қазақстан құрамасының капитаны, «Көкпар ойынының ұлы ойыншысы» атанып үлгерген жас берен Құрманбек Тұрғанбектің жігіттері алаң қожайыны өздері екенін бұған дейін де дәлелдеген еді, финалда да барын салды. Ал бұған дейін Азия чемпионатында Аударыспақ бойынша 80+ келіде чемпион атанған, Теңге ілудің Қола жүлдесін қанжығасына байлап үлгерген Жеңісбек Серікұлының командасы да мықтылығын танытты. Сонымен баян-өлгийлік бауырлармен өткен кездесудің алғашқы бөлігінде қос команда есепті 2:1-ге жеткізді. Көрерменнің, әсіресе Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ІІ халықаралық форумына келген шетелдік қонақтардың қанын қыздырып, нағыз көшпенділік рухты сезіндірген екінші таймда ойыншылар есепті 8:3-ке жеткізді. Жеңіс жерлестеріміздің тақымында тулады. Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды. Осылай Елбасының тікелей тапсырмасымен жарияланған Жастар жылы аясында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Жастар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатының Көкпар бойынша жеңімпазы Қазақстан құрамасы болды.

ERNUR.KZ
22 сәуір 2019 ж. 804 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930