Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңіске жеткен қазақстандық көкпаршылар 10 млн теңге сыйақы алды

Жеңіске жеткен қазақстандық көкпаршылар 10 млн теңге сыйақы алды

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанова Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан алтын медаль алған қазақстандық құрама спортшылары қанша сыйақы алатынын айтты. Бұл туралы turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу дирекциясынан көкпар мен көк бөрідегі жүлделі орындар үшін мынадай сыйақылар белгіленген:

1 орын үшін — 10 млн теңге;
2 орын үшін — 6 млн теңге;
3 орын үшін — 4 млн теңге.
Сондай-ақ, Көк бөрі республикалық федерациясының президенті Бауыржан Әбдірашитовтың атынан мынадай жүлде қоры белгіленген:

Көкпар бойынша бірінші орын үшін әр спортшы мен әр жаттықтырушыға 5 млн теңгеден;
Көк бөрі бойынша бірінші орын үшін әр спортшы мен жаттықтырушыға 10 млн теңгеден.
12 қыркүйек 2024 ж. 129 0