Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Париж-2024: Бокстан Олимпиада жолдамалары бойынша меже орындалды

Париж-2024: Бокстан Олимпиада жолдамалары бойынша меже орындалды

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп айтты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасап.

Париж-2024: Бокстан Олимпиада жолдамалары бойынша меже орындалды
Суреттер: boxingkazakhstan

Шахмұрат Мүтәліптің айтуынша, 2024 жылдың алғашқы жарты жылдығы Қазақстан бокс федерациясы үшін жемісті әрі жеңісті кезең болды.

«Осы аралықта елімізде Азия чемпионаты және бірнеше халықаралық турнир ұйымдастырылды, ең бастысы – Париж Олимпиадасы жолдамалары бойынша меже орындалды. Ерлер құрамасы барлық салмақ дәрежелері бойынша лицензия иеленсе, әйелдер командасы бұрын-соңды болмаған нәтижені тіркеп, үш салмақ бойынша жолдамалар жеңіп алды», деді Бокс федерациясының басшысы.

Бокс федерациясы

Сондай-ақ федерация басшысы әр жеңістің артында бірлескен топтың жүйелі жұмысы тұрғанын атап өтті.

«Спортшының тұрақтылығына және еңбекқорлығына бапкердің біліктілігі мен сенімін, мамандардың үздіксіз жәрдемін қосса ғана мақсатқа жетуге болады. Париж Олимпиадасы – барлығымыз үшін белгілі бір кезеңге қорытынды жасайтын аса маңызды жарыс. Былғары қолғап шеберлері халықты түрлі дәрежедегі жүлделермен қуантады деген сенімдемін. Қазақстан боксы жасасын!», деді Шахмұрат Мүтәліп.
03 шілде 2024 ж. 619 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031