Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Темірхан Дайырбек Париж Паралимпиадасына жолдама жеңіп алды

Темірхан Дайырбек Париж Паралимпиадасына жолдама жеңіп алды

Темірхан Дайырбек Париж Паралимпиадасына жолдама жеңіп алды
Бүгін Қазақстан пара спортшысы Темірхан Дайырбек академиялық ескек есуден Париж-2024 Паралимпиада ойындарына лицензия ұтып алды. Азия чемпионаты сәуірдің 18-21 күндері Оңтүстік Кореяның Чунджа қаласында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше PR1m1X академиялық ескек есуден 2000 метр қашықтықты 9 минут 38.81 секундта өтіп, бірінші орынға ие болған Темірхан Дайырбек – 2004 жылғы, Түркістан облысының спортшысы. Пара академиялық ескек есумен 1 жылдан бері ғана кәсіби тұрғыда айналысып келеді. Оның жеке тренері Фаррух Хамракулов.

Бұл Париж-2024 Паралимпиадасына ұтып алған 12-нші лицензия. Бұған дейін пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара каноэдан Бибарыс Спатай, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама командасы, пара жүзуден 3 лицензия және пара таеквондодан Камиля Досмалова, Нышан Омирали, Нұрлан Домбаев алған болатын.

Айта кетсек Париж Паралимпиадасы тамыздың 28-і – қыркүйектің 8-і аралығында өтеді.
21 сәуір 2024 ж. 186 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 63

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031