Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балауса Мұздыман WBA белдігі үшін жұдырықтасады

Балауса Мұздыман WBA белдігі үшін жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман келесі жекпе-жегінде чемпиондық титулға таласады, деп хабарлады Sports.kz сайты.

25 шілдеде Тайландтың Бангкок қаласында қазақстандық спортшы ең жеңіл салмақта (55 келіге дейін) WBA Asia белдігі үшін жұдырықтасады. Оның қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ.

Мұздыман бұған дейінгі жекпе-жегін 1 маусымда Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде үнділік Моника Сингхті бірінші раундта нокаутқа түсірген кезде өткізді. Бұл жеңіс 26 жастағы қазақстандық боксшыға BoxRec-тің ең жеңіл салмақтағы рейтингінде 115-орыннан 95-орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
02 шілде 2024 ж. 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (9220)

16 шілде 2024 ж.

№55 (9219)

13 шілде 2024 ж.

№54 (9218)

10 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031