Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Бүгінде көптеген спортшылар түрлі сайыстарда оза шауып, жеңіске жетіп, байрағымызды көкке көтеріп жүр. Бұл – біз үшін жоғары нәтиже. Себебі аудан спортының жаңа келбетін қалыптастырушылардың көбі – жас буын өкілдері.
Сондай дүбірлі додалардың бірі – өткен аптада Қарағанды қаласында өткен панкратионнан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты. Еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген 500-ге тарта үздік спортшылардың басын қосқан сайыста өңір намысын Ақмая ауылының спортшысы Нұрлыбек Елеусіз қорғады. 42 кг салмақта бәсекелескен жасөспірім жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Нұрлыбектің панкратионмен айналысып жүргеніне 5 жылға жуық уақыт болған. Алғашқы жаттықтырушысы Қасымхан Сәдуов жас спортшыны баулыған. Ал Нұрлыбекті аталған жарысқа әзірлеген Мұстафа Төлегеннің жеңімпаз жетістігіндегі еңбегі зор.

Таслима ТЕМІРБЕКҚЫЗЫ
04 наурыз 2024 ж. 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031