Түркістанда дзюдодан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты аяқталды
Түркістанда «Olympic Center» спорт кешенінде дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өз мәресіне жетті.
Бұл туралы Түркістан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл туралы Түркістан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 820 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жекелей жарыстар нәтижесі бойынша Түркістан облысының командасы үш алтын, бір күміс және бір қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде көш бастады. Ал Жетісу облысы екі алтын, екі күміс және төртүш қола жүлдемен үздік үштікті аяқтады.
Қазақстан чемпионатының соңғы күнінде аралас-командалық жарыстар өтті. Барлығы 19 команда қатысқан бәсекеде Қызылорда облысының құрамасы топ жарды. Финалда қарсыласына жол берген Алматы облысының спортшылары екінші орынға тұрақтаса, Шымкент қаласы мен Атырау облысының құрама командалары үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында өтті. Аталған Қазақстан чемпионатының нәтижесінде 2024 жылғы спорт маусымында Азия және әлем чемпионаты сынды әлемдік бәсекелерде ел намысын қорғайтын дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады.
Фото: Түркістан әкімдігінің баспасөз қызметі