Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық каратэшілер алғаш рет Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстандық каратэшілер алғаш рет Азия чемпионатында топ жарды



Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасында XIX Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жарыстың соңғы күні командалық сында жүлделі орындар сарапқа салынды.

Кумите бағдарламасында Қазақстан ерлер командасы күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен, чемпионат қорытындысында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальмен алғаш рет жалпы есепте топ жарды. Жапония каратэшілері (3 алтын, 3 күміс, 2 қола) екінші орында, ал үздік үштікті Иран (3 алтын, 2 күміс, 7 қола) құрамасы түйіндеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын олимпиада жүлдегері Софья Берульцеваның Азия чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында тағы 6 медаль жеңіп алды.
24 шілде 2023 ж. 371 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (9391)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930